Корея. Оңтҥстік Корея. Солтҥстік Корея
1.
Кореяның екіге бӛлінуі.
33
2.
Оңтүстік Кореядағы Ли Сын Ман режимі (1953-1960 ж.ж.).
1960-1981 ж.ж. Оңтүстік Корея.
3.
Чон Ду Хван президенттігі кезіндегі Оңтүстік Корея.
«Бесінші Республика» (1981-1987 ж.ж.).
4.
КХДР-ғы шаруашылықты қалпына келтіру және социалистік
қайта
құрулар
(1953-1956
ж.ж.).
1957-1985
ж.ж.
экономикалық және саяси даму.
5.
Жаңа геосаяси жағдайдағы КХДР (1980-1990 ж.ж.).
Корея территориясы
– 220,8 мың км². Екі корей мемлекетінің
халқы 70 млн.адамнан асады, халықтың 99%-ы корейліктер.
Корей Республикасы:
Ресми тілі
– корей тілі
Астанасы
- Сеул
Басқару формасы
– президенттік республика
Президент
- Пак Кын Хе
Премьер-министр
- Чон Хон Вон
Территориясы
- 99 392 км² (дүниежүзінде 107-ші).
Ақша бірлігі
– оңтүстіккорейлік вон (KRW, код 410)
1945 жылы шілде айындағы Потсдам конференциясы
барысында одақтас державалар Жапонияның соғыстан шығуын талап
етті және тәуелсіз Кореяның қалпына келтірілуі туралы келіседі.
Корей түбегіндегі кеңес және американ әскерлерінің әскери
қимылдарын жүргізетін шекара 38-ші параллель деп белгіленеді.
1945 жылы 8 тамызда Жапониямен соғыста КСРО Қытайда,
Кореяда және Тынық мұхитында ірі кӛлемді әскери қимылдарын
бастайды. Кореядағы соғыс қимылдары қатыгездігімен ерекшеленді,
және Жапонияның ресми капитуляциясынан кейін де (1945 ж. 15
тамыз) жалғасты және ауыр шығындармен қатар жүрді. Халық
отаршылдық әкімшілік орнына басқарудың халық комитеттерін
стихиялы түрде құра отырып, кеңес әскерлеріне кӛмек кӛрсетті.
Кореяның оңтүстігіне американ әскерлерінің орналастырылуы әскери
қимылдардың аяқталуынан кейін, тек 1945 жылы 3 қыркүйекте
басталды.
1945 жылға қарай, тӛрт он жылдықтан кейін метрополия
қажеттіліктерімен байланысты болған Корея айқын аймақтық
экономикалық мамандандырылуға ие болды. Тау-кен және ауыр
индустрияның негізгі орталықтары негізінен елдің солтүстік бӛлігінде
болды және әскери қимылдар барысында айтарлықтай зардап шекті.
Табиғат байлықтары болмаған Кореяның оңтүстік бӛлігінде ауыл
шаруашылық ӛндірісінің және жеңіл ӛнеркәсіптің негізгі аудандары
34
орналасты. Сәйкесінше онда халықтың басым бӛлігі ӛмір сүрді
(жалпы санының 2/3 бӛлігі). 1945 жылы басталған Корей түбегін
дербес екі мемлекетке бӛлу дәстүрлі шаруашылық байланыстарының
үзілуіне алып келеді.
Бастапқыда Кореяны 38-ші параллель бойынша екіге бӛлу
уақытша деп кӛрсетілді. Алайда соғыстан кейін дүниежүзін қайта
құрудағы АҚШ пен КСРО-ның түрлі кӛзқарастары, «қырғи қабақ»
соғыстың басталуы Корей түбегін ұзақ жылдар бойы екі дүниежүзілік
орталықтың қарсылығында болуына және елдің екіге бӛлінуінің
сақталуына алып келеді.
АҚШ және КСРО арасындағы алғашқы келіспеушіліктер 1945
жылы желтоқсанда Мәскеу қаласында ӛткен осы елдердің сыртқы
істер министрлерінің кездесуінде (Ұлыбританияның қатысуымен)
айқын
байқалды.
АҚШ
Кореяға
АҚШ,
Англия,
Қытай
(гоминьдандық) және КСРО ӛкілдерінен БҰҰ атынан он жыл
мерзімге дейін қамқоршылық орнатуды ұсынды. Кеңестік
делегацияның талап етуі бойынша мерзімі бес жылға дейін
қысқартылды, Уақытша корейлік демократиялық үкімет құру, және
оның құрылуы үшін – Кореядағы кеңестік және американдық әскер
басшыларының ӛкілдерінен біріккен комиссия құру туралы шешім
қабылданды. Алайда біріккен комиссия жұмысы жемісті болған жоқ
және 1946 жылы мамыр айында американдық делегация
бастамасымен тоқтатылды. Іс жүзінде тараптар билік үшін күресте
«ӛздерінің» саяси блоктарының дайындығын бастады.
1947 жылы АҚШ корей мәселесін БҰҰ Бас Ассамблеясы
сессиясының талқылауына шығарды. АҚШ Корея бойынша елде
сайлаудың ӛткізілуін бақылау жүктелген БҰҰ Уақытша комиссиясын
құру туралы резолюцияға қол жеткізеді.
1948 жылы мамыр айында Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиналысқа
сайлау ӛткізіліп, ол мемлекет атауын – Корея Республикасы (КР),
конституцияны қабылдайды, Кореяның барлық территориясына КР-
ның тәуелсіздігін жариялайды, және ел президенттігіне Ли Сын
Манды сайлайды. Астана Сеул болып қала берді.
Бұған жауапты қадам ретінде Солтүстікте 1948 жылы тамызда
Кореяның Жоғары халық жиналысына (ЖХЖ) сайлау ӛтеді. Оған
Оңтүстік Корея халқының бірқатар ӛкілдерінің қатысуы жолымен
жалпыкорейлік сипат берілді. ЖХЖ бірінші сессиясы сол жылдың 9
қыркүйегінде Корей Халық Демократиялық Республикасының
(КХДР) құрылуы туралы жариялады, жаңа мемлекеттің астанасы
Пхеньян болды. Жаңадан құрылған КХДР үкіметінің ӛтініші
35
бойынша Кеңес Одағы оның территориясынан ӛз әскерлерін
шығарды.
Әрқайсысы ӛзін барлық Корей территориясының заңды
қожайыны деп есептеген екі Корей мемлекетінің пайда болуы
олардың арасында ӛзара шиеленістің күшеюі үшін алғышарт
қалыптастырды. Екі ел де қарулы қақтығысқа дайындалып, оңтүстік
корейлік президент Ли Сын Ман бірнеше рет оның солтүстік бӛлігін
басып алу жолымен елді біріктіру қажеттілігі туралы ресми түрде
мәлімдеді. 38-ші параллель тұрақты қарулы қақтығыстардың орны
болды, тек 1949 жылы 1836 болды, оған екі тараптан да ірі әскери
контингент тартылды.
Қарама-қайшылықтың кең түрде ӛрістеуі жағдайында 1950
жылы 25 маусымда Оңтүстік пен Солтүстік арасында қарулы
шиеленіс басталды. КХДР әскери қимылдарды бірінші болып
бастайды. Соғыстың үшінші күні Корейлік халықтық армия Сеулді
басып алды және оңтүстікке қарай қозғалуын жалғастырды. Бұл
Кореяға ӛз әскерлерін жіберген АҚШ-ның әскери қимылдарға
араласуына алып келеді.
Әскери қимылдар ауыспалы жетістіктермен жүрді. Алғашқыда
Корейлік халықтық армияға (КХА) Оңтүстік Корея территориясының
90%-дан астамын басып алуға мүмкін болды. 1950 жылы қыркүйекте
АҚШ солтүстік-корейліктердің тылына ірі теңіз десантын түсіреді
және іс жүзінде Солтүстік Кореяның барлық территориясын басып
алып және сол жылдың қазан айында корейлік-қытайлық
территорияға шыға отырып жағдайды ӛзгертті. Бұл соғысқа Кореяның
араласуына алып келді. 1950 жылы 25 қазанда қытайлық «халықтық
еріктілердің» ірі отрядтары шекараны кесіп ӛтті және қарсыластарға
оқ жаудырды. Кореяда сонымен қатар солтүстіктіктерге әскери
тәжірибелер берген кеңестік әскери кеңесшілер болды.
1950 жылдың аяғында американдық-оңтүстік корейлік әскерлер
38-ші параллельге шегінді, кейіннен бұл жерде қантӛгісті позициялық
соғыс жүрді. Кейінгі әскери қимылдар үлкен күш және техника
шығынына қарамастан екі тарап үшін де шешуші қорытындыға келу
мүмкін емес екендігін кӛрсетті. 1953 жылы 27 шілдеде Кореяда үш
жылдық қарулы қақтығысты аяқтаған бейбітшілік туралы келісімге
қол қойылады. Түбек территориясында қытайлық және американдық
әскерлер қалды.
1952 жылы тамызда Ли Сын Ман КР-ның президенті болып
қайтадан сайланды, оған белгілі бір деңгейде ӛзінің Чаюдан
(Либералдық партиясын) құруы да ықпал етті. 1954 жылы қарашада
36
Ли Сын Ман оған президент ретінде шексіз билікті берген
конституцияға жаңа түзетулер енгізді. Мемлекет қауіпсіздігі туралы
заңдар енгізілді, саяси партияларды тіркеу, баспасӛзді реттеу,
демонстрацияларды ӛткізу үшін бақылау жүргізілді.
Бұл әрекеттер әскери қиратулар және түбектің солтүстігімен
дәстүрлі шаруашылық байланыстардың үзілуінен туындаған елдегі
терең экономикалық дағдарыстар жағдайында жүрді. 1950 жылы Ли
Сын Ман үкіметі жер реформасын жүзеге асыра бастады: шаруалар
арасында ӛзара бӛлінген артық жерлер помещиктерден сатып алынды
(3 мың га астам). Жерді 900 мыңға жуық шаруа шаруашылықтары
алды.
1955 жылы қазан айында келіспеушілік саясаты толқынында ірі
оппозициялық Демократиялық партия (Минчжудан) пайда болды,
оның ізімен тағы бірнеше партия қалыптасты. Олардың мақсаты 1956
жылғы президент сайлауына қатысу болды, алайда терең дағдарысты
атмосфера жағдайында олар Ли Сын Манның кезекті жеңісіне тиімді
қарсы тұра алмады. 19 сәуірде Сеулде сайлау қорытындыларының
қайта қаралуын талап еткен ұрандармен жаппай демонстрациялар
ӛтті, олардың негізгі қатысушылары кӛптеген оқу орындарының
студенттері болды. Ли Сын Ман қарсылықты күшпен басуға тырысты
және Сеулге демонстранттарға оқ атқан әскерлерді кіргізді. Алайда
бұл қадам енді тікелей президентке қарсы бағытталған ереуілдердің
кеңеюіне алып келді. Бұл жолы армия қару қолданудан бас тартты,
қала іс жүзінде кӛтерілісшілердің билігіне кӛшті. Парламенттің
тӛтенше отырысында президенттің отставкаға кетуі және жаңа сайлау
ӛткізу туралы резолюция қабылданды. 27 сәуірде Ли Сын Ман
биліктен бас тартатындығы туралы ӛтінішке қол қойды және елді
тастап кетті. Бұл оқиғалар КР-ның тарихына «сәуір революциясы»
ретінде енді.
«Сәуір революциясының» нәтижесінде ӛтпелі үкімет ұйымдас-
тырылды, ал 1960 жылы маусымда парламент конституцияға
түзетулер бекітті. Сайлауда Минчжудан жеңіске жетті, бұрынғы
оппозицияның кӛрнекті қайраткері Юн Бо Сон президент болды, Чан
Мен премьер-министр болды. 1960 жылы 1 қазанда Екінші
республика жарияланды.
Алайда билікке келгеннен кейін Минчжудан оппозицияда
болған жылдары жинаған ӛзінің ықпалынан айырыла бастады. Елдегі
экономикалық жағдай ауыр болып қала берді, жұмыссыздық азайған
жоқ. 1961 жылы ақпанда Чан Мен үкіметі американдықтарға КР-ның
ішкі істеріне араласуға мүмкіндік берген АҚШ-мен экономикалық
келісімге қол қойды.
37
Осындай жағдайда басында генерал-майор Пак Чжон Хи болған
офицерлер тобы әскери тӛңкеріс жоспарын құрды. Ол президент Юн
Бо Сон және АҚШ ӛкілдері назарынан тыс, бірқатар ірі жергілікті
бизнесмендердің қаржылық қолдауымен дайындалды. Бас кӛтеру
1961 жылы мамырдың 15-нен 16-на қараған түні болды, үкімет
әскерлері
бүлікшілерге
қарсылық
кӛрсетпеді.
Мемлекеттік
реконструкциялаудың жоғары кеңесі (МРЖК) құрылды, ол тӛтенше
жағдай енгізді, Ұлттық жиналысты, партияларды және қоғамдық
ұйымдарды таратты, митингтер және демонстрациялар ӛткізуге тиым
салды, кӛптеген баспасӛзді жапты. Премьер-министр Чан Мен
биліктен ӛзінің бас тартатындығы туралы ресми мәлімдеді.
1961 жылы 6 маусымда конституцияны алмастырған мемлекетті
реконструкциялау
бойынша
тӛтенше
шаралар
туралы
заң
жарияланды. Барлық билікті толықтай қолына алған МРЖК
басқарудың жоғары органы ретінде анықталды. Әскери режимнің
негізгі соққысы КХДР-мен келіссӛздер және байланыстың басқа да
формаларын жақтаушыларға бағытталды. Олардың неғұрлым
кӛрнекті ӛкілдері атылды немесе жай ғана ӛлтірілді, қалғандары ұзақ
жылдарға түрмеге қамалды (түрмеде 20 мыңнан астам адам болды).
Ӛз биліктерін легализациялауға дайындалған әскерилер 1962 жылы
наурызда бұрын ӛмір сүрген партия және қоғамдық ұйымдар
мүшелеріне саясатпен айналысуға тиым салған саяси қызметті реттеу
туралы заң шығарды. «Қара тізімге» Оңтүстік Кореяның барлық
дерлік алдыңғы қатарлы саясаткерлері енді.
Жаңа президент сайлауына дайындалған әскерилер 1962 жылы
желтоқсанда президенттің жеке билік режимін күшейткен жаңа
конститутция
бойынша
референдум
ӛткізді.
Ол
кӛптеген
артықшылықтарға ие болды – премьер кабинетін тағайындау,
келіссӛздер жасау және ратификациялау, соғыс жариялау және
келісім жасау, бас қолбасшы болу және т.б. Президент тӛрт жыл
мерзімге мүшесі болып табылатын саяси партиялардан ұсынылған
үміткерлер қатарынан сайланды.
Сайлауға қатысу үшін әскерилер 1963 жылы ақпан айында
Демократиялық республикалық партияны (ДРП) құрады, ол тамыз
айында ӛзінің үміткері ретінде әскери қызметтен кеткен Пак Чжон
Хиды атады. Демократиялық басқару партиясы (ДБП) ӛз үміткері
ретінде Юн Бо Сонды ұсынды. 1963 жылғы қазан айындағы сайлауда
негізгі күрес солардың арасында жүрді (неғұрлым ұсақ партиялардан
да үміткерлер ұсынылды), сайлауда аз ғана басымдықпен Пак Чжон
Хи жеңіске жетті. 1963 жылы қараша айында Ұлттық жиналысқа
сайлау ӛтті, онда басым орынды билеуші ДРП иеленді, 17
38
желтоқсанда елді ресми түрде конституциялық басқару формасына
қайта оралтқан Үшінші республиканы жариялау салтанаты ӛтті.
Үшінші республика кӛсемдері негізінен армиялық оқудан ӛткен,
ұлтшылдық және антикоммунизм идеяларын басшылыққа алған
тұлғалар болды. Олар тек жай ғана «тәртіпке келтіруді» ғана емес,
сонымен бірге КР-ның экономикалық артта қалушылығын жоюды
ӛздеріне мақсат етіп қойды. Оңтүстіккорейлік қоғамның әлеуметтік
құрылымын есепке ала отырып, алғашқыда мемлекет негізгі назарын
аграрлық секторға аударды. Ол шаруа шаруашылықтарына тӛмен
пайызды несиелер бере бара бастады. Оларды алу тәртібін жеңілдетті,
шаруалардың қарыздық міндеттерінің бір бӛлігін ӛздеріне алды. Бұл
шаралар Пак Чжон Хидың танымалдылығын арттырды және оның
сайлау кампаниясына жетістіктерді қамтамасыз етті, бірақ жалпы
алғанда экономикалық жағдайды айтарлықтай жақсартқан жоқ. Тек
1960 жылдардың ортасынан бастап КР үкіметі оған жетістіктер
әкелген «экспорт арқылы индустриализация» саясатына кӛшті,
экспорт ӛндірісін дамыту, коммерциялық займдар және инвести-
циялар түріндегі шетелдік капиталды тарту үшін арнайы шаралар
қолданды.
КР-ның экономикалық дамуы үшін Жапониямен қатынасының
реттелуінің (1965 ж.) зор маңызы болды, оның талаптары бойынша
Токио отаршылдық режиммен келтірілген шығындар үшін
компенсация, сондай-ақ жеңілдікті несие түрінде Сеулге ірі кӛлемді
сумма тӛледі.
1960 ж.ж. ортасынан бастап Оңтүстік Корея ӛзінің экономи-
калық дамуында алдымен жеңіл, кейіннен ауыр индустрияны кеңейту
есебінен үлкен секіріс жасайды. Біртіндеп қаланың барлық жаңа
жұмыс күшін ұсынған ауыл тұрғындарының ағылуы есебінен
әлеуметтік құрылымы ӛзгереді.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы оң ӛзгерістер билеуші
режимнің позициясын нығайтты. 1967 жылы Президент (мамыр) және
Ұлттық жиналыс (маусым) сайлауында Пак Чжон Хи сол жылы ақпан
айында құрылған Жаңа демократиялық партия (ЖДП) ӛкілі Юн Бо
Соннан айқын басымдықпен асып түседі, ал билеуші ДРП
парламенттегі 175 орынның 127-сін иеленеді. Алайда 1962 жылғы
конституция президенттік қызметті қатарынан екі мерзімнен артық
иеленбеуге мүмкіндік берді, осыған байланысты Пак Чжон Хи
конституцияны қайта қарау кампаниясын жүргізді. Бұл жоспар
ӛзіндік саяси амбициялары болған Пак жақтастары лагерінде де
қарама-қарсы әрекет туғызды, алайда фракциялық күрестен кейін
ДРП қатарында тәртіп қалпына келтірілді және парламентте
39
кӛпшілікке ие бола отырып, ол 1969 жылы президент қызметін
қатарынан үш мерзімге иеленуге мүмкіндік берген конституцияға
түзету енгізуді қамтамсыз етті.
1970 ж.ж. басында дүниежүзілік шаруашылықты қамтыған
экономикалық дағдарыс Оңтүстік Кореяда ӛткір сезілді, ӛйткені
«дамудың экспорттық моделі» оның халықаралық шаруашылық
байланыстар жүйесіне терең тартылуына алып келді. Экономикалық
қиындықтар ішкі саяси жағдайдың шиеленісуіне алып келді, осындай
жағдайда парламенттегі абсолюттік басымдықтан ДРП-ны шектеген
ЖДП ӛз позициясын айтарлықтай нығайтты, ал оның жаңа кӛсемі
Ким Дэ Чжун кезекті президент сайлауында (сәуір 1971 ж.) Пак Чжон
Хиге күрделі бақталас болды. Бұдан басқа, 1970-1971 ж.ж. студенттік
үкіметке қарсы бой кӛтерулердің ӛсуі байқалды.
Үкіметке қарсы кӛзқарастың ӛсуін азайту үшін Пак Чжон Хи
танымал топ ӛкілдеріне КХДР-мен байланыстарын жандандыру
идеясымен шықты. 1971 жылы тамыз айында Солтүстікпен басталған
келіссӛздер де олар «ұлттық қауіпсіздік» мақсатын енгізу үшін кезекті
тӛтенше жағдай ретінді пайдаланылды (1971 ж. желтоқсан). Бұған
қоса әрекет етуші конституция ережелері бұзылды. ДРП фракциясы
парламентте оппозициялық фракция жоқ кезінде 26 желтоқсанда
тӛтенше жағдай кезінде президент ӛкілеттілігін кеңейткен ерекше заң
жобасын қабылдады. Бірмезгілде үкіметтік саяси сарапшылар тобы
құпиялылық жағдайында кезекті конституцияны қайта қарауды
дайындай бастады.
1972 жылы 17 қазанда Сеул кӛшелеріне коммуникация
орталықтарын, университет, оппозициялық партия штаб-пәтерлерін
иеленген танктер мен әскерлер кенеттен енгізілді. Радио арқылы Пак
Чжон Хи әскери жағдайдың енгізілгендігі және тӛмендегідей
шаралардың қолданылғандығы туралы хабарлады: Ұлттық жиналыс
таратылды, саяси партиялар қызметіне тиым салынды, конституция
қызметі тоқтатылды, ал президент бірмезгілде ұлттық референдуммен
қолдау табуы тиіс болған жаңа конституцияны дайындау үшін
жауапкершілікті ӛз мойнына алды. Әскери жағдайдың басқол-
басшысы қосымша шектеулер енгізді, олар университеттердің
жабылуын және ешқандай санкциясыз тұтқындау ӛткізуді біріктірді.
Осындай жағдайда референдум жай ғана формалдылық болды
және 1972 жылы 21 қарашада Тӛртінші республиканың басталуын
білдіріп күшіне енді. Жаңа конституция ашық түрде антидемок-
ратиялық сипатқа ие болды және азаматтардың еркіндігін шектеуге
мүмкіндік берген бірқатар ережелерді біріктірді. Енді алты жылға кез-
40
келген мерзімге сайланған президент іс жүзінде шексіз ӛкілеттіліктер
алды.
1972 жылы 23 желтоқсанда қандай да бір қарсылықсыз Пак
Чжон Хи президент болды. Оның кейінгі басқаруы айқын
ерекшеленген авторитарлық сипатқа ие болды және басқаша
ойлаушыларды жаппай басуға, «ұлттық дәстүрлермен» сәйкес
азаматтардың жеке ӛмірін реттеуге бағытталды. Бұл үшін, әсіресе,
1971 жылы құрылған «жаңа ауыл үшін қозғалыс» («сэ маыль ундон»)
жанданды, оның шеңберінде ауыл шаруашылығына және тұрмысқа
ғылыми-техникалық революция жетістіктерін енгізумен ауылдардың
қайта құрылуы жүргізіліп ғана қойған жоқ, сонымен бірге кӛптеген
арнайы орталықтарда Пак Чжон Хи еңбектерінің негізінде халықты
идеялық ӛңдеу жүргізілді. 1974 жылдан бастап бұл қозғалыс,
президентпен «корейлік демократияландыру бесігі» аталған, қала
халқына да таратылды, мектептер мен жоғары оқу орындарында
оқытыла бастады. 1971 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта
«сэ маыль» орталықтарында ел халқының барлық ересек тобы дерлік
дайындықтан ӛтті.
1976 жылы 1 наурызда бұрынғы президент Юн Бо Сон,
оппозицияның кӛрнекті ӛкілі Ким Дэ Чжун және оның 12 жақтасы
жариялы түрде диктаторлық басқаруға қарсы бағытталған құжатты
оқыды. Олардың барлығы бұл үшін түрмеге қамалды. Алайда
үкіметтің осы және басқа да реакцияны күшейту бойынша акциялары
демократиялық еркіндікті қалпына келтіру талаптарын күшейте берді.
Студенттік бас кӛтерулермен қатар ұзақ уақыт бойы ӛздерінің кәсіби
қызығушылықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылған жұмысшылар
белсенділігі артты. Кәсіпорындарда ереуілдер саны артты, олар
кӛбінесе саяси ұрандармен ӛтті. Жетекшілігінде жаңа кӛсем Ким Ен
Сам ерекшеленген ЖДП ӛзінің қызметін жандандырды. Біртіндеп
саясаткерлердің, кәсіпкерлердің, діни қайраткерлердің, интелли-
генция ӛкілдерінің және студенттердің бір бӛлігін біріктірген
оппозициялық күштердің кең блогы қалыптаса бастады. Билік үшін
айқын дағдарыс пісіп-жетілді, бірақ кенеттен 1979 жылы 26 қазанда
Пак Чжон Хи ӛз қаруынан бүлікшілермен ӛлтірілді.
Тез арада тӛтенше әскери жағдай енгізілді және елдегі жағдайды
бұрын байқалмаған басында генерал-майор Чон Ду Хван болған
әскерилер тобы бақылай бастады. Ол негізінен Оңтүстік Вьетнамда
бірге соғысқан офицерлерге және әскери академияда бірге оқыған
топтастарына арқа сүйеді. Оның ең жақын жақтастарының бірі
генерал-майор Ро Дэ У болды.
1979 жылдың желтоқсанынан 1981 жылдың ақпанына дейін
созылған ӛтпелі кезеңде Чон Ду Хван барлық билік қолына кӛшкен
41
ұлттық қауіпсіздік бойынша Комитетті басқарды. 1981 жылғы ақпан
айына жаңа президент сайлауы белгіленді, онда Чон Ду Хван еш
қиындықсыз жеңіске жетті, ӛйткені әскери жағдайдың жойылғанына
қарамастан саяси қызметтен 500-ден астам неғұрлым кӛрнекті
қайраткерлер
шеттетілді.
Парламентте
жетекші
позицияны
(жартысынан астам орынды) сол жылдың қаңтар айында құрылған
үкіметтік Әділет Демократиялық партиясы (ӘДП) иеленді, қалған
орындарды ӘДП-мен бірмезгілде қатар құрылған оппозициялық
Корей демократиялық партиясы және Корей Ұлттық партиясы
бӛлісті. Бесінші Республика режимінің кезеңі басталды.
Чон Ду Хван президенттігінің кезеңі ӛнеркәсіпте және сыртқы
саудада маңызды құрылымдық ӛзгерістермен қатар жүрген КР-ы
экономикасының ӛсуі жалғасты. 1983 жылға қарай ұлттық ішкі ӛнім
(ҰІӚ) кӛлемі 75 млрд. АҚШ долларына жетті, ал жан басына
шаққанда – 1875 доллар. Ӛндірістің ӛсуі жыл сайын орташа 8,5%-ы
құрады. Тауар шығаруда техникалық күрделі ӛнімдер үлесі күрт ӛсті,
негізінен ауыр индустрия ӛнімдері. Оңтүстік Корея ауыр жүкті
кемелер, электроника және электротехниканың, автомобильдердің
танымал
экспорттаушысы
болды,
кӛптеген
экономикалық
кӛрсеткіштер бойынша Азияда екінші орынды (Жапониядан кейін)
иеленді. Кореяны «кішкентай Жапония», Сингапур, Тайвань және
Гонконгпен
қатар
«жаңа
индустриалды
елдердің»
тӛрт
аждаһаларының бірі ретінде атай бастады.
Корей Республикасының жетістіктерін мойындау ретінде 1981
жылы қыркүйекте Сеул 1988 жылы жазғы Олимпиадалық ӛткізу орны
ретінде таңдап алынды.
Осындай жетістіктер жағдайында ішкі саяси жағдай да біртіндеп
реттеле бастады. 1985 жылға қарай кӛпшілік оппозициялық
саясаткерлерге ӛз қызметін жандандыруға рұқсат берілді, ал жылдың
басында 1980 жылы елден қуылған Ким Дэ Чжун оралды. Ол және
Ким Ен Сам саяси белсенділікке шектеуден босатылды. Біртіндеп
демократияландыру үрдісі билеуші лагерьдің және оппозицияның
1986 жылы мамырда конституцияға ӛзгерістер енгізу қажеттілігі
туралы келісімге келуінен кӛрінді.
Соған қарамастан келіспеушіліктер әлі де сақталды және
президент сайлауының және саяси партиялардың ӛз жақтастарын
мобилизациялау мерзімінің жақындауымен шиеленісе түсті. 1987
жылы 13 сәуірдегі Чон Ду Хванның конституцияға тек
Олимпиадалық ойындар ӛткеннен кейін ғана ӛзгерістер енгізу ниеті
туралы мәлімдемесі қоғамда тез арада ӛзгеріс енгізу жағдайында
серпіліс туғызды. Бұл шешімге қарсы оппозициялық партиялар
42
маусым айында жаппай демонстрацияларға ұласқан бірқатар бас
кӛтерулер ұйымдастырды. Жағдай Әділет демократиялық партия-
сының тӛрағасы және оның президенттікке үміткері Ро Дэ Удың 29
шілдеде қоғамды демократияландыру туралы декларациясымен
тыныштандырылды.
Декларацияда жақын арада оппозициямен келісімділікте тура
презизиденттік сайлау ұйымдастыру, сондай-ақ сайлау заңына
ӛзгерістер енгізу мақсатымен конституцияны қайта қарауға шақырған
ұсыныстар болды.
Ро Дэ У ұсынысы оның жүзеге асырылуы президенттікке
олардың мүмкіндіктерін арттырады деп есептеген оппозиция
кӛсемдерінен қолдау тапты. Ол сонымен қатар әлеуметтік бейбітшілік
үшін ӛзінің алдыңғы мәлімдемелерін ӛзгерткен Чон Ду Хваннан да
қолдау тапты. Жаңа конституция ұлттық референдумда 1987 жылы 27
қазанда қабылданды. Ол президенттік мерзімін бес жылмен шектеді
және тӛтенше шараларды қолдануға оның құқықтарын тарылтты.
Ұлттық жиналыс ӛкілеттілігі күшейтілді және енді неғұрлым тәуелсіз
болған судьялар статусы нығайтылды.
1987 жылы 16 желтоқсанда президент сайлауы ӛтті, онда Ро Дэ
У жеңіске жетті. Алғаш рет Корей Республикасының тарихында
билікті беру бейбіт жолмен ӛтті, Алтыншы республиканың билігі
басталды.
Президент ретінде Ро Дэ У қоғамды тұрақтандыру және
демократияландыру, әскерилердің саясатқа ықпалын азайту, елдің
халықаралық беделін кӛтеру үшін айтарлықтай күш салды.
1988 жылы КР-да жазғы Олимпиадалық ойындар сәтті ӛтті.
Социалистік елдермен орын алған кӛптеген байланыстар олармен
дипломатиялық қатынастар орнатуды дайындауға мүмкіндік берді.
Бұл Ро Дэ У жетекшілігімен дайындалған, үш кезеңді қарастырған
«солтүстік саясат» бағдарламасына сәйкес жасалды: социалистік
лагерь елдерімен дипломатиялық байланыстар орнату және
қатынастарын реттеу, кейін – КСРО-мен және Қытаймен, Кореяның
бірігуі үшін жағдай жасауды дайындау. КХДР-ның қарсылығына
қарамастан, бірінші болып КР-мен дипломатиялық қатынасты
Венгрия, кейіннен біртіндеп Шығыс Европаның басқа да елдері,
Вьетнам және Моңғолия орнатты, ал 1990 жылы – Кеңес Одағы
(Қытай КР-мен дипломатиялық қатынасын 1992 жылы орнатты).
Сеулді социалистік елдердің мойындауы оған БҰҰ-на жол ашты, оған
КР-сы КХДР-мен бірмезгілде 1990 жылы қыркүйекте қабылданды.
КР-ның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктерінің салдары
ретінде түрлі саяси күштер арасындағы қарама-қайшылықтар
43
саласындағы тарылу жүрді. Бұл президент Ро Дэ Уға бірқатар
шаралар мен келіссӛздерден кейін жаңа қуатты билеуші партияны
құруға мүмкіндік берді. 1991 жылы қаңтарда Демократиялық
либералдық партияның (ДЛП) құрылғандығы туралы жарияланды,
оған фракция құқығында ӘДП, Ким Чжон Пхил құрған жаңа
демократиялық республикалық партия және Ким Ен Самның
республикалық демократиялық партиясы кірді. ДЛП парламентте
басым дауысқа ие болды және үкіметтің және президенттің саяси
бағытын кедергісіз жүргізіп отырды.
1990 ж.ж. Оңтүстік Кореяға жаңа индустриальдық елдер ішінен
жетекші орынды бекітті. Кӛп жағынан бұған алдыңғы жылдардағы
экономикалық жылдам ӛсу қарқыны әсер етті. Жалпы алғанда бұл
жағдай, барлық Тынық мұхиты аймағына тән, 1997 жылы КР
экономикасындағы дағдарысты
құбылысты
тоқтата
алмады.
Нәтижесінде елдің ҰІӚ-і 1997 жылы 6%-дан асқан жоқ, 17 мыңға
жуық кәсіпкерлер банкротқа ұшырады. 1997 жылы 21 қарашада
Корей Республикасы оған тез арада тұрақтандыру займдарын беру
туралы халықаралық валюта қорынан кӛмек сұрады.
Экономикадағы жетекші орын ӛңдеуші ӛнеркәсіпке түпкілікті
бекітілді. КР-сы дүниежүзінде кеме, болат, жеңіл кӛлік ӛндірісі,
электроника және электротехника ӛнімдерін шығару бойынша
алдыңғы орындардың бірін иеленеді. КР-ның он бір фирмасы 500
жетекші корпорациялар тізіміне енген, ал тӛрт компания – Хендэ,
Самсон, Лаки Голдстар, Тэу – дүниежүзінің 100 ірі трансұлттық
корпорациялар тізімінде. 1996 жылы тауар айналымы 280
млрд.долларға, экспорт – 130 млрд.долларға жетті.
Жетекші сауда серіктестері – АҚШ және Жапония, ЕО елдері,
АСЕАН, ҚХР.
1990 ж.ж. биліктің жоғары эшелонында ӛзгерістер жүреді, бірақ
терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстары байқалмайды. 1993
жылы ӛзінің айналасындағылармен бірге сыбайлас жемқорлыққа
айыпталған Ро Дэ У сайлауда Ким Ен Самнан жеңіліс табады. 1995
жылы елдің саяси ӛмірінде айтарлықтай роль атқарған жаңа
оппозициялық партиялар құрылады: жаңа саясат үшін Ұлттық
конгресс және Біріккен либеральдық демократтар. Бұл президентті
1996 жылдан бастап Жаңа Корея Партиясы деп аталған үкіметтік
партияны нығайтуға мәжбүрледі.
Алайда қаржы және экономикалық саладағы дағдарыс
президент сайлауында оппозиция кӛсемі Ким Дэ Чжунға жеңіске
жетуге
кӛмектесті.
Жаңа
оңтүстіккореялық
әкімшіліктің
44
экономикалық бағдарламасы ӛнеркәсіптегі құрылымдық реформа-
ларды, шетелдік инвестицияларды тартуға ынталандыруды (салықтық
жеңілдіктер, «еркін аймақтар» және т.б.), әлемдік нарыққа отандық
ӛнімдердің шығарылуын қарастырады.
Ким Дэ Чжунның алғашқы сыртқы саяси қадамдарының бірі
КХДР-на қатысты «күн жылуы» саясатын жариялауы болды.
Нәтижесінде 2000 жылы 13 маусымда Ким Дэ Чжунның Солтүстік
Корея кӛсемі Ким Чен Ирмен кездесуі болады.
Корей соғысының аяқталуынан кейін КХДР-ның негізгі міндеті
қираған шаруашылықты қалпына келтіру болды. КСРО, Қытай, басқа
да социалистік лагерь елдер кӛмегімен қалпына келтіру еңбек
ӛнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген жаңа
техникалық базамен жүргізілді. 240 ӛнеркәсіп орны қалпына
келтірілді және 80-і жаңадан салынды, және 1956 жылы тамыз
айында, үшжылдық жоспар аяқталған кезде, соғысқа дейінгі
ӛнеркәсіп деңгейі (1949 ж.) екі есе асып түсті.
1956 жылы сәуір айында, қалпына келтіру кезеңінің сәтті
аяқталуының жақын екендігі айқын болған кезде, ТПК ІІІ съезді
ӛткізілді. Ол елдің «социалистік индустриализация» бағытын,
ұжымдастырудың аяқталуын белгіледі, халық шаруашылығын
дамытудың бесжылдық жоспарын (1957-1961 ж.ж.) қабылдады.
Жоспар бойынша бесжылдықтың соңында ӛндірістің ішкі ӛнімі 2,6
еседен астам ӛсуі тиіс болды, оған қоса бұрынғы метрополиямен және
Кореяның оңтүстігімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен
туындаған диспропорцияны түпкілікті жоюға негізделген маңызды
құрылымдық қайта құрулар белгіленді.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірінші бесжылдық
жылдары бар күш жаңа кәсіпорындарды құруға шоғырландырылды,
оның жобасына алдыңғы қатарлы техникалық шешімдер салынды.
Бұл ӛнеркәсіптегі еңбек ӛнімділігінің тез қарқынмен ӛсуіне алып
келді (1,4 есе), ӛнімнің жылдық орташа ӛсу қарқынын 36,6%
қамтамасыз етті және жоспарлы тапсырмалардың мерзімінен бұрын
орындалуына алып келді. Аграрлық ӛнеркәсіптің де дамуы сондай
қарқынмен жүрді және ақыр соңында бесжылдық қорытындысы
мерзімінен бұрын аяқталды – 1960 ж. Бірмезгілде тұрғын үй
құрылысын, денсаулық сақтауды және білім беру жүйесін
ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
1960 жылы Солтүстік барлық негізгі кӛрсеткіштер бойынша
экономика саласында Оңтүстіктен басып озды. Индустриали-
зациядағы КХДР жетістіктері оның сыртқы сауда байланыстарының
45
кеңеюіне алып келді, сауда серіктес елдер саны бесжылдық жылдары
10-нан 40-қа дейін артты.
Аталған жетістіктер кӛптеген жағдайда социалистік елдер және
ең алдымен КСРО кӛмегімен байланысты болды. 1960 жылы КСРО-
ның техникалық кӛмегімен салынған немесе қайта жасақталған
кәсіпорындар барлық электроэнергия ӛндірісінің 40%-ын, шойынның
- 51%-ын, кокстің - 53%-ын, аммиак силитрасының - 90%-ын, мақта-
қағаз маталардың - 67%-ын берді.
ТПК ІҮ съездімен жаңадан қабылданған (1961 ж. қыркүйек)
1961-1967 ж.ж. арналған жетіжылдық жоспарға негізінен ӛсудің
экстенсивті факторлары салынды. Ауыр индустриянының қарқынды
даму жолымен дербес ӛнеркәсіп құру міндеті қойылды, ӛнеркәсіп
ӛндірісінің кӛлемі – 3,3 есе, ұлттық табыс – 2,7 есе ӛсуі тиіс болды.
Дербестілікке ұмтылудың ресми түрде жарияланғанына қарамастан,
жоспардың маңызды бӛлігі ең алдымен КСРО және Қытайдан түрлі
кӛмек есебінен сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту болды.
1961 жылы шілде айында олармен достық, ынтымақтастық және ӛзара
кӛмек туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар бұл жылдары ТПК жетекшілігі Кеңес Одағынан
қашықтау саясатына бағыт ұстанды. Бұл кеңес-қытай қарама-
қайшылықтарының
ӛрістеуімен,
сондай-ақ
КСРО-да
жүрген
демократияландыру үрдісінен Ким Ир Сен тұлғасына табыну-
шылықты шектеу ұмтылысымен байланысты болды. Сондықтан
КСРО-ның
идеологиялық
ықпалы
қолайсыз
деп
танылды
(«ревизионистік», ӛйткені сол кезде ТПК сталинизмнің негізгі
тіректерінің бірі болды).
1950-1960
ж.ж. Ким Ир Сенмен марксизм-ленинизмді
шығармашылық дамытуды жариялаған «чучхе идеологиясы»
жасалды. Ол барлық халықты, және ең алдымен корейліктерді, тек ӛз
күштеріне ғана сүйенуге және таза ұлттық белгілерді дамытуға,
қандай да бір сыртқы, яғни шетелдік ықпалдан бас тартуға шақырды
(«Чучхе» корей тілінен аударғанда «ӛз денеңнің қожайыны ӛзіңсің»
дегенді білдіреді). Бұл тәжірибеде КХДР-да автономиялық
шаруашылық кешен құру - экономикалық мүмкін емес әрекеттен
кӛрініс тапты. Ол болашақта ақша және еңбек ресурстарының босқа
шығындалуына алып келді, даму қарқынының айтарлықтай
тӛмендеуінің себебі болды, халық шаруашылығында дағдарысты
құбылыстар туғызды.
«Чучхеизм-кимирсенизмнің» тағы бір жағы КХДР-мен
қаржыландырылған «чучхе идеясын оқыту» орталықтары құрылған
басқа елдерге тарату әрекеті болды. Дүние жүзінің барлық тілдерінде
46
«чучхейлік» әдебиет шығарылды, белсенділердің халықаралық
семинарлары ӛткізілді. Бұл ӛндірістік емес мақсатқа валюталық
қаржыны тартты, экспорттық түсімдердің айтарлықтай бӛлігін «жеп
қойды», елдің даму жолындағы кедергілердің бірі болды.
Бастапқыда 1961 және 1962 ж.ж. жоспарлы тапсырмалар сәтті
орындалды, ӛйткені аталған теріс тенденциялар жаңа ғана күш ала
бастады. Алайда Оңтүстік Кореяда 1961 жылы әскери режимнің
билікке келуі, 1962 жылы күздегі кариб дағдарысы, КХДР басты
одақтастары
–
КСРО
және
Қытай
арасындағы
қарама-
қарсылықтардың күшеюі пхеньян жетекшілігінің әскери қауіп сезімін
күшейтті. Сол себепті 1962 жылы желтоқсанда ТПК ОК пленумында
АҚШ басшылығымен империализм күштері ӛздерінің агрессиялық
әрекетін жандандыратындығы туралы қорытынды жасалды және
қорғаныс мүмкіндігін нығайту қажеттілігіне назар аударылды. Шын
мәнісінде, «чучхе идеясына» сәйкес, бұл АҚШ, КР және Корей
түбегіндегі олардың кез-келген одақтасына қарсы дербес әскери
қимылдарға дайындалу шешімін білдірді. Қарсыластың авиациялық
басымдылығымен ӛткен Корей соғысының тәжірибесін есепке ала
отырып, жерасты қоймалары, командалық пункттер, электрос-
танциялар, зауыттар және тіпті аэродромдар салынды. Барлық ел
біртіндеп әскерилендірілді және бірнеше есе күш басымдылығындағы
жаудың басқыншылығын қайтаруға дайындалды.
1970 ж.ж. екінші жартысындағы КХДР ішкі саяси ӛмірінің
ерекшелік сипаты партиялық және мемлекеттік қызметтерге біртіндеп
Ким Ир Сеннің үлкен ұлы – Ким Чен Ирдің тартылуы болды. Бұған
дейін де солтүстіккорейлік кӛсем отбасының кӛптеген мүшелері ТПК
және мемлекеттік аппаратта маңызды қызметтерді иеленді, бірақ енді
мұрагерді дайындауға мақсатты бағытталған дайындық жүргізілді.
1980 ж.ж. басында алынған құқықтар және ӛкілеттіліктер бойынша
кіші Ким партиялық-мемлекеттік иерархиядағы екінші адам болды
және ішкі саясаттың кӛпшілік бағыттары бойынша жетекшілікті іс
жүзінде жүзеге асырды.
КСРО дезинтеграциясына алып келген үрдістер КХДР қоғамдық
ӛмірінің барлық жақтары бойынша күрделі соққы берді. Экономика
саласында бұған дейін Пхеньянның дәстүрлі серіктестері социалистік
елдерден қол үзіп, Батыспен саудаға бағыт ұстану теріс әсер етті.
Нәтижесінде 1980 ж.ж. екінші жартысынан бастап КХДР-да қысқару,
ал кейіннен экономикалық даму қарқынының құлдырауы байқалады,
халық шаруашылығының кӛптеген салаларында дағдарысты
құбылыстар пайда болды.
1980 ж.ж. КХДР үшін сыртқы саясат саласында да жеңіл кезең
болған жоқ. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға орналастырылуынан
және АҚШ-ның Европаға қанатты зымырандарын орналастыруынан
47
кейін орын алған халықаралық қатынастардың кезекті шиеленісуі
жағдайында КХДР тағы да екі қарама-қарсы жүйенің алдыңғы
орнында қалды. КХДР АҚШ тарапынан террористік мемлекет ретінде
«қара тізімге» енгізілді және онымен саудаға және байланысқа қатаң
санкциялар енгізді. 1983 жылы КХДР ресми сапарымен Бирмаға
барған оңтүстіккорейлік президентке қастандық жасалғаны үшін
айыпталды, оған халықаралық оқшаулау ұйымдастыру әрекеттері
жасалды.
Бұған жауап ретінде Пхеньян КСРО-мен, Қытаймен, Шығыс
Европа елдерімен саяси қатынасын жақсартуға барды. 1983 жылы
Ким Ир Сен Пекинге барды, ал 1984 жылы КСРО-ға, Польшаға, ГДР-
на, Венгрияға, Румынияға, Болгарияға және Югославияға сапар
жасады.
КХДР-ның халықаралық аренадағы белсенділігі артты, 1985
жылы ядролық қаруды таратпау туралы Келісім мүшесі болды, ал
1990 жылы Корей Республикасымен бірмезгілде БҰҰ-на қабылданды.
1990 ж.ж. ӛн бойында КХДР басшылығы Солтүстік Кореяда
қалыптасқан құрылысты сақтауды және оның ӛзгерген сыртқы
жағдайларға адаптациялануын ӛзінің басты міндеті етіп қойды. 1994
жылы шілде айындағы Ким Ир Сеннің ӛлімі және биліктің оның
ұлына
кӛшуі
қалыптасқан
партиялық-мемлекеттік
жүйе
позициясының беріктігін тағы да кӛрсетті. Алайда бұл жүйе 1990 ж.ж.
екінші
жартысында
елдің
күрделі
мәселелермен
күресуге
қабілетсіздігін кӛрсетті.
Халық шаруашылығындағы жағдай одан әрі шиеленісе түседі.
Ӛнеркәсіп ӛнімінің ӛсу қарқыны тӛмендейді, электр қуатының,
шикізаттың, азық-түліктің ӛткір жетіспеушілігі сезіледі. Ауыл
шаруашылығы да созылмалы құлдырауды басынан кешеді. Дәнді
дақылдар шығымының тӛмендігі (1995 ж. 3,5 млн.тонна), ең алдымен
күріштің – кейінгі жылдары да байқалды.
Соған қарамастан ел басшылығы бұрынғысынша экономикалық
және әлеуметтік реформалардан шығу жолын іздемей, қатаң тәртіп
пен шектеулерді орнатуға тырысты. Тұрғындар қандай да бір сыртқы
ықпалдан шектеледі. Елде жүргізілген үгіт-насихат шеңберінде
«корейлік типтегі социализм басымдықтарын» ашуға баса назар
аударылады. Ашық әскери шиеленіске дейін Оңтүстік Кореямен
қатынасы ӛршіді. 2000 жылы кӛктемде Ким Чен Ир Ресей кӛмегімен
КР-мен ашық диалог жүргізу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасайды.
Диалогтың басталуы 2000 жылы 13 маусымда Оңтүстік Корея
кӛсемімен кездесуде жасалды.
|