Әдеби KZ жолы алыс ұзаққа созылған жоқ. Қыран бір мезетте жылан құшағынан босап шыға
берді. Ол енді бір қанатымен жерді сабалай, ілби шоршып жанындағы кісі бойлы
жартасқа шықты. Бұл кезде қыранды қоя берген әп жылан құйрығымен жер
сабап, иіріле дөңбекши, өзімен-өзі әуре боп жатты. Қыран қырындау жағынан
шығып тастың басына барып отырды да жерде тулап жатқан жыланнан көзін
алмай қатты да қалды. Шыңғысхан тобынан да сескенбеді. Өз денесін өзі тауға да,
тасқа да ұрып тулап жатқан жылан әрі-беріден кейін әлсіреуге айналды. Қыран әлі
қозғалған жоқ. Жылан өрім-өрім болған денесін, ақырғы рет бір мәрте жиырды да
кенет жазыла бастады. Тас басында тапжылмай отырған қыран осы сәтте қуана
шаңқ етті. Кереге қанаттарын жайып жіберіп көкке қарай талпынды, бірақ түбінен
опырылған бір қанаты екінші рет қағуына жарамай ол төмен қарай жантая құлап,
жаңа ғана өзі көтерілген жартастың сүйір ұшына кеп кеудесімен ұрды да,
шалқасынан түсті. Екінші рет көтерілуге жарамады. Ақырғы рет қанталаған
көздерімен көк аспанға қарады да, бір-екі рет сау қанатымен дірілдей жерді
соғып, тына қалды. Шыңғыс тобы шың етегіне таяды. Қыран бір аяғының
тырнағымен жыланның қос көзін ойып түсіріп, екінші аяғының тырнақтарымен
кеңсірігін ет-метімен жұлып алыпты. Жылан әлсіреп барып жан тапсырыпты. Бірақ
бұ да өз есесін жібермепті, алып денесімен орап қыранның бір қанатын
топшысынан сындырыпты...
Жыланның өлгенін көргенде шаңқ етіп қуана шыққан қыран даусы әлі
құлағында тұрған Шыңғысхан:
— Мына қыранның арманы жоқ, — деді. — Ол алғашқы жолы өзінің қайратты
кезінде тайталасқан жауын алысып жеңді. Бұ жолы өзі өлсе де балапандарын
ажалдан құтқарып өлді. Мына аждаһаның балалары өсіп, өшін алғанша, анау шың
басындағы ұядағы балапандар да қыран болады. Олардың өз тартыс-
тары басталады. Ал қарт қыран өз борышын атқарып ажал тапты. Өзі барда
ұрпағына қауіп тудырар жауын құртып кетті. Осылай ажал тапқан ақиық ақырғы
рет көк аспанға қанат жайып, өлер алдында қуана шаңқ етті. Сендер де осы