Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет153/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қалды. Өкпе тұсынан жарым қарыс кірген жебе өз қайратын көрсетті, қасқыр 
ышқынып бір секірді де, домалап-домалап барып сұлап түсті. Алдыңғысының 
қалай құлағанын көрген соңғы екеуі ық жақтарында кенет пайда болған қауіпті 
салт аттыны аңғарып, жалт бұрылып желге қарай салды. Әбілқайыр оларға 
бұрылған жоқ, шаңырақ мүйіз арқарлардың ең болмаса біреуін алып қалайын 
деп,ат қарқынын бәсеңдетпей садағын иығына іліп жіберіп, беліндегі жарты 
құлаш көк құрыш алдаспанын суырып алды. Бірақ дәл осы кезде жануарлар 
жұбын жазбаған қалпында жардай болып тұтасып тұрған қамысты жапыра 
қиратып арасына кіріп жоқ болды. Хан қамысты жанай шауып, Тарланкөгін әзер 
дегенде барып тоқтатты. Бірақ дәл осы сәтте Тарланкөк үрейлене шыңғырып 
жіберіп, көкке шапшиды. Атының үстінен жерге құлай жаздап, жалына жабыса 
қалған Әбілқайырдың көргені қарсы алдында, он бес қадамдай жерде, қан-жоса 
етіп күл-талқанын шығарған бұғының етінің жанында өзіне қарай шөге түсіп 
жатқан есік пен төрдей тарғыл жүнді жолбарыс болды. Көзі тасырайып, мұрты 
жыбырлап, шабар алдындағы әдетіне салып, ұзын құйрығымен жерді бұлаңдата 
ұрады. Тарланкөк арындап кеп, алдыңғы аяғын жерге тигізе бергенде, жолбарыс 
та атылды. Әбілқайырдың бар қолынан келгені жалаңаш алдаспанымен басын 
қорғай берді. Бірақ аппақ үлпе бауырын жаза атылған жолбарыс Әбілқайырға 
қанжар тістерін сала алмады, кенет гүрс етіп жерге құлады. Көзін ашып алған 
ханның көргені, бағанағы көкжал қасқырдың өкпесіне өзі қадаған жақ оғындай 
алып жолбарыстың дәл жүрек тұсынан кірген садақ жебесі болды. Жолбарыстың 
құр дір-дір етіп қозғала алмай жатқанына қарағанда жебе ар жағынан бір-ақ 
шыққан тәрізді. Бұны садақ оғының бер жағында шошайған екі қарыстай сабы 
көрсетіп тұр. Алып жолбарысты жалғыз оқпен жайрату үшін алып күш керек. Бұл 
кімнің қолынан келеді? 
Әбілқайыр енді садақ атылған жаққа қарады. Жақында «осы Сейхун бойында 
Саян батыр бастаған бір топ аламан жігіттер пайда бопты, істейтіндері 
бекзадалардың малын талау, әсіресе, Көк Ордаға өшігулі деп естіген. Әбілқайыр 


164 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет