Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет151/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ауылдар жайлауға келмеген жылдары бұл араны бұғы мен марал жайлайды. 
Көл аралары жазық дала, көк шалғын. Сейхун жағасы қалың қамыс, тұтас- 
қан жиде ағашы. Бұғы мен маралға бұдан артық қандай қоныс керек? 
Әбілқайыр осы араға шатырларын тікті де, қасына кернейші-дабылшы екі-үш 
жігіті мен ежелгі серігі Бахтияр-баһадурды ертіп жан-жақтарын шолып келуге 
шықты. Астында жол-жөнекей ер салынбай, тың, жетекте келген Тарланкөк. 
Ауыздығымен алысады. Өзгелердің де мінгендері қосаяқтай жүйріктер. Әйтсе де 
олардың аттары қамыс құлақтарын қиғаштап, жіті басқанмен де, Тарланкөктей 
емес, ауыздығымен алысып келе жатқан жоқ. Сірә, Сейхунның лайлы суы мен 
шігір араласқан сұрғылт бетегелері жер-су талғайтын сәйгүліктерге тақа жәйлі 
тимеген тәрізді. 
Хан тобы әңгімелесе жүріп, бір жазық далаға шықты. Кенет Тарланкөк 
осқырына, танауы делдиіп, құлағын тіге қалды. Бұлар «не болды» деп жан-
жақтарына қарап та үлгерген жоқ, дәл алдарынан шаңырақ мүйіздерін 
арқаларына сұлата жатқызып, көгал шөптің үстімен бауырлай ұшқан құстар 
тәрізді, ұзын аяқтарын көсілте жазып, теңбіл жүнді бір топ арқар зуылдай өте 
берді... Үлкен-кішісі аралас. Шабыстарына көз ілеспейді, нағыз бір селдірлей аққан 
сағым-сынды, «Бұлар бізден үрікті ме?» деп хан ойланып та үлгермеді, кенет 
арқардың соңынан шұбалана қуған бір ұя қасқырды көрді. Қамысты жердің нағыз 
қара қылшықтары, құлынжал арландары. Топтанбай созыла шапқанмен аралары 
жиі кетіп барады. Хан тобы бұларды шөптің қалыңдығынан бірден көре алмаған 
екен, арқарларды өкшелеп жетуге жақын. Сірә, қасқырлар өздерінің ежелгі 
әдеттеріне салып, кезектесіп қуған болуы керек, қарқындарына қарағанда мына 
көкжалдар төтеден қосылған тәрізді, әйтпесе жазық жердің жел ере алмас 
құдіретті жүйріктері — арқарлары бұларға шаңдарын да көрсетпесе керек-ті. 
Хан тобы шыдап тұра алмады, елегізген жүйріктерінің тізгінін босатып жіберіп, 
сойылдарын ыңғайлап, айқай сап қасқырлардың соңынан тұра шапты. Тарланкөк 
өзге аттардан бірден суырылып сала берді. Көп кешікпей хан серіктерінен 


162 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет