Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет147/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қан төкпей істе» дейді. Мұхаммед пайғамбарым. Мен қан төгейін деген жоқ едім, 
әбусейіттің өзі қанымды төк деп тілеп тұр ғой. Сұрағаны болсын!»
Әбілқайыр Мұқамет-Жөкіге тесіле қарады. 
— Жақыныңа жәрдем ет дейді құран, мен саған жәрдем беруге дайынмын. 
Бірақ, қояр екі шартым бар.
Мұқамет-Жөкі басын иді. 
— Бірінші шартым — Әбілқайыр бұл шарттың Мұқамет-Жөкіден гөрі Рабиу-
Сұлтан-Бегімге қатынасы бар екенін әдейі білдіргісі келгендей, кіші бәйбішесіне 
қарады, — әбусейіт менің қызымды алған, бірақ антында тұрмады. Антын бұзғаны 
үшін мен одан кегімді қалай қайтаруым керек? 
Рабиу-Сұлтан-Бегім жымия күлді. 
— әрине, кегің қызыңды қайтарып алумен бітпейді. 
Қызың орнына әбусейіттің бірінші әйелінен туған, он үш жасар сұлу Ғибадат-
Сұлтан-Бегімін тоқалдыққа алуың керек. 
Әбілқайыр қайтадан Мұқамет-Жөкіге бұрылды. 
— Бірінші шартым — Ғибадат-Сұлтан-Бегім сұлуды сол қауыздай жарылмаған, 
шыныдай сынбаған күйінде менің қойныма саласың. 
— Уәде, тақсыр жезде. 
— Екінші шартым — әбусейіт бұзған антты сен орындайтын боласың. 
Бұнысы әбусейіттей емес, сен мені алдамайсың, өле-өлгенше бағынышты боп 
өтесің дегені еді. 
— Құп, тақсыр. 
Сол күні Әбілқайыр Мұқамет-Жөкіге ертіп, Самарқантқа Бүреке-Сұлтан мен 
Бішкенді оғланның басқаруымен он мың санды қол аттандырды. Атышулы 
батырларының да біразын жіберді. 
Хан әбусейіттің Қорасанда жүргенде Самарқантты басып қалудың бәлендей 
қиындыққа түспейтінін жорамалдады. 


157 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
Екі апта өткеннен кейін жиырма мың қолымен Әбілқайыр өзі Мауреннахр 
жеріне қарай беттеді. 
Көк Орда ханы отыз жылдан астам хандық өмірінде астанасын бірнеше жерге 
көшірген... Сығанаққа да ту байлаған. Қай өлкені бағындырса, сол өлкеге Ордасын 
алып барған. Асан Қайғының Дәшті Қыпшақтың жеріне, не Ұлытауда, не Еділ, 
Жайық жағасының бірінде хан Ордасын тікпедің деп ренжуі де осыдан еді. Демек, 
ол қай жерге хан Ордасын көшірсе де, өзінің алғашқы туын тіккен Орда-Базарға 
қайтып орала беретін. Орда-Базар оның түпкілікті астанасына айналған. Әйтсе де 
көптен бері осы астанасын мүлдем тастамақ ойға бекіген. 
Орда-Базар, еш теңізге құймайтын, суы мол болғанымен өрісі тар Қаракеңгір
өзенінің бойында тұр. Батысындағы кеме жүретін Еділ өзені екі мың шақырымнан 
астам жерде. Солтүстігіндегі ұлы өзен Ертіс пен Есіл олар да сондай жырақта... 
Оңтүстігіндегі қос алып Жейхун мен Сейхун да тым қашықта жатыр... 
Шығысындағы Көкше теңіз сәл таяуырақ, бірақ жол ортасы аңырақай, шөлейт... 
Әбілқайыр астанасын көп уақыт Сығанақта ұстаған. Кейін Қырымдағы Өзбекхан 
мешіті мен гаремі тұрған Қара теңіз жағасындағы Қара-Даг тауынан отыз 
шақырымдай жердегі Ескі Қырымға да көшірмек болған. Бертін келе Еділ 
жағасындағы Ақсақ Темір бұзған Алтын Орда астанасы Сарай шаһарына апаруды 
да ойлаған. Солтүстік тұсына да, тіпті Жем, Ойыл, Ақ Жайық өзендерінің бойына 
да орнатсам деген. Бірақ мұның біріне де тұрақтай алмаған. Өйткені неғұрлым 
Дәшті Қыпшақтың батыс шекарасына қарай беттеген сайын соғұрлым Мауреннахр 
шаһарларынан алыстап кететін болған. Бұлай істеудің жөн емес екенін Әбілқайыр 
жақсы түсінетін. Батыс мемлекеттері бұл уақытта әжептәуір күшейіп алған. Оларға 
түбі күшінің келмейтініне Әбілқайырдың көзі жете бастаған. Көк Орданың бел 
алуы енді тек Шығыс шаһарларына ықпалын жүргізуде деп білген... Сондықтан 
оның көзі Батысқа емес, Шығысқа тігулі болатын-ды. Сол себептен де Шығысқа 
жақын Орда-Базарға әлсін-әлсін қайта орала беретін. Ал соңғы кезде бұл Орда-
Базардың өзі де Әбілқайырға қуат бола алмайтындай күйге жеткен. Ол заманда 


158 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет