Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет146/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек ажалдан астындағы жүйрік ақ боз 
аты құтқарған. Содан бері Ақсақ Темір әміратына жататын қаланы шаппақ болса, 
ең алдымен «жауынгер пілдері жоқ па екен?» деп сұрайтын. Жылан шаққан адам 
ала жіпті аттауға қорқады. Бір рет өлердей боп шошып қалған Әбілқайыр бұ жолы 
да сол дағдысына салып, піл жайын тәптіштеп сұрап отырған-ды. 
— Бүкіл Самарқант, Бұқар, Гератта үш-ақ піл бар, — деді Мұқамет-Жөкі, — о да 
жорыққа шыққанда Көреханның шатыры мен гаремін алып жүреді. 
— Өзге пілдері қайда? 
— Пілді соғысқа пайдалану үшін оларды жұмсай алатын адамдар керек... 
Бұрын бұл қызметті Иран мен Үндістаннан алып келген есірейлер атқаратын. 
Олардың өлгені өлді, өлмегені ебін тауып өз жеріне қашып кетті. Иесіз қалған 
пілдерді әбділлах қастары у беріп өлтірді. 
— Бұлары дұрыс болған екен! — Әбілқайыр Ордасының әшекейлеп сыр- 
ланған қабырғасына қарады. «Қан төкпей істейтін ісіңді қан төкпей істе. Қан төгіп 
істер ісің болса алла-тағала өзі жәрдем берсін» деген қабырғаның жоғар- 
ғы ернеуіне оюлап жазылған хадистің төменгі жағына көз жіберді. Қабырғада 
самсаған қару-жарақ ілулі тұр. Болат наркескен, қисық алдаспан, көк құрыш сүйір 
ұшты найза, шойын басты шоқпар, жақтың бірнеше түрі... Әне, анау Исфаған 
қылышымен Жұмадық ханның басын алған. Әне, анау болат сүйір найзаны 
Әбілқайыр өз қолымен Мұстафа ханның жүрегіне қадаған... Хан езу тартып күлді. 
Хадис «әділеттік үшін қан төгіп істер ісің болса, алла-тағала өзі жәрдем берсін» 
дейді. Қандай жәрдем? Қан төгуге жаралған осы қаруларды қолыма 
ұстатқанының өзі алла-тағаланың берген жәрдемі емес пе? Иә, солай, жәрдемі. 
Самарқант әмірінің бар пілін улатып өлтірткені — о да жәрдем! Алла-тағала менен 
жәрдемін аяп көрген бе, тек сол жәрдемдерді дұрыс пайдалана білсем болғаны 
ғой. Пайғамбар аузынан шыққан мына хадис та соны айтып тұрған жоқ па? Дәл 
солай. Берген сертін бұзған әбусейіттің өз обалы өзіне. «Қан төкпей істейтін ісіңді 


156 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет