Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет145/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   316
Әдеби KZ
 
 
билігін қолыма түсіруге жәрдем беріңіз. Мұндай ыңғайлы сәт екінші мәртебе 
кездесе ме, онысын білмеймін. Ал қазір ең қолайлы шақ... 
Әбілқайыр баяу езу тартты. 
— әбусейіт те әбділлахтан әмірлікті алар жолы, дәл сен тәрізді ішке кіре 
келген... 
— Ақсақ Темір ұрпағының бәрі әбусейіттей опасыз бола бермес. Егер 
Самарқант әмірінің тағына отырғызсаңыз, өмір-бақи сізді әке етіп, айтқаныңызды 
екі етпей өтуге қолыма құран алып ант етуге бармын. 
— әке еткеніңнің маған керегі жоқ. Әкесі болар балаларым жетеді. Алда-жалда 
Самарқант тағына отыра қалсаң әмірімді екі етпеймін деп серт берсең құба-құп. 
— әміріңізді екі етпеске міне құран, міне нан. 
Әбілқайыр үндемей қалды. Ол ұзақ уақыт тілсіз отырды да, бір мезетте: 
— Самарқант уәлиетінің жерінде ұрысқа жарайтын қанша жауынгер пілдер 
қалды? — деп қарсы отырған жігітке тесіле қарады. 
Бұрын Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр жерлерінде соғыста піл қолданылмайтын. 
Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей 
жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған. Бір 
кезде Самарқант, Бұқар уәлиеттерінде піл әжептәуір қоқан-лоққы күшке айналған. 
Ал Әбілқайыр үнемі Мауреннахр жеріне шабуылға шыққанда, қойға шапқан 
қасқырдай, ол әдетте хандарының бөтен елге жорыққа кеткен кезін аңдып 
тұратын. Қалаларын жау алған соң, пілдер де ештеңе істей алмайтын. Демек, 
Самарқант, Бұқарда дәл біз айтып тұрған шақта жауынгер пілдер бітуге айналған-
ды. Бірақ әзірге өлмеген азғантай пілдердің өзінен де, бұрын мұндай ашулы алып 
хайуандармен айқасып көрмеген көшпелі ел сыпайларының зәре-құты 
қалмайтын. Самарқантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашқы ұрысында 
өздеріне қарай дүрсе қоя берген үш пілден бүкіл Қыпшақ жігіттері жөңки қашқан. 
Әскердің арт жағында келе жатқан Әбілқайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, 
кіші-гірім үйдей боп өзіне қарай тап берген алып пілді көргенде, не істерін білмей, 


155 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет