Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет144/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   316
Әдеби KZ
 
 
өлтірді, ал өзі басқалардан ажал тапты. Ақырында екеуінің қастары әкесі мен 
баласынан бірдей құтылды. Бұған қарап Ұлықбектің қызы мен әбду-Латифтың ұлы 
қырық пышақ болуға тиістіміз бе? Жоқ, тиісті емеспіз. Алтау ала болса, ауыздағы 
кетеді. Ұлықбек тұқымынан тірі қалғандардың ішіндегі ең жақыны біз екеуміз. 
Егер біз екеуміз жау болсақ, бұдан тек қастарымыздың бағы жанады. 
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің Мұқамет-Жөкіні өзіне жақын тартуының тағы да бір 
себебі екеуінің Ұлықбек сарайында тетелес өсуі еді. Мұқамет-Жөкі Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен үш жас кіші. Сондықтан Рабиу-Сұлтан-Бегім одан өзін үлкен санап, 
кішкентайынан оған апалық қамқорлық көрсетіп келген. 
Сұлтан тұқымдарына тән аяусыз қатты мінездеріне қарамай, екеуіне де 
жастайынан жат емес, осы бауырмалдық сезім, қазіргі тілектерінің жақындай 
түсуіне жол ашты. 
Рабиу-Сұлтан-Бегім Мұқамет-Жөкінің келуіне арнай қыз-келіншек, бозбалалар 
жинап, ұлан-асыр той істеді. Ат шаптырылды, балуан күрестірілді. Жігіттер жамбы 
атып, сайысқа түсті. Шырқалған ән, тербелген алтыбақан... Айлы түндерде, 
бетегелі құрақты сай ішінде хан қонағы талай сұлуды құшып, күндіз сұңқар, 
қаршыға салып, Арқаның қызыл түлкісі мен кіші-гірім лақтай қыр қоянын 
алдырды. 
Осылай бір апта ойын-сауық құрғаннан кейін, Мұқамет-Жөкі хан алдына келді. 
Алыс жерден сапар шеккен мұң-мұқтажын айтты. Жігіттің сауытсыз, қару-
жарақсыз екенін көріп, хан көңілі күптенбеді. Ол енді Мұқамет-Жөкімен 
ақжарқын, шын көңілмен ұзақ әңгімелесті. Бұл әңгімеге тек Рабиу-Сұлтан-Бегім 
ғана қатынасты. 
Самарқант, Бұқар, Герат, Мервте қазір қанша әскер барын, халықтың 
әбусейітпен өш екенін баяндай келіп, Мұқамет-Жөкі сөзінің аяғында: 
— Әбілқайыр хан, Ақсақ Темір тағына менің атам Ұлықбек, одан кейін оның 
баласы, менің әкем әбду-Латиф отырған, ендігі кезек менікі, — деді, — әбусейіт 
қазір Қорасан мен Иракты тегіс жаулап алам деп жорықта жүргенінде, Самарқант 


154 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет