Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет148/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   316
Әдеби KZ
 
 
көмір, мұнай, құрыш, темір өнеркәсіптері тіпті өркендеген кезі, ал қалалардың 
үлкейіп, гүлденіп кетуіне екі түрлі жағдай керек-ті. Бірі — қала дегенің үлкен сауда 
жолының үстінде тұруы қажетті. Әйтпесе кеме жүретін, бір ел мен бір ел 
қатынасатын, суы мол өзен, не теңіз жағасына салынуы керек. Ал Орда-Базарда 
бұл қасиеттің бірі де жоқ. Міне, осы жағдай Әбілқайырды бөтен астана іздеуге 
мәжбүр етті. Жаңа астана іздемеске болмайтын тағы бір себебі бар. Қазақ 
руларының біразы Моғолстанға көшіп кеткеннен бері Ұлытау маңы хан Ордасына 
жайсыз тие бастады. Қойға шабатын бөрі де, малын айдай қашатын ұры да 
көбейді. Әсіресе «Жалғыз көз» деген батыр пайда болып, хан қостарына маза 
бермейтін бір қырсыққа айналды. Астында желдей жүйрік ат, жанында өзіндей 
кілең батыр жігіт. Хан әскері бірнеше рет соңдарынан түссе де, Қарақұмға сіңіп 
кетіп ұстатпай қойды. 
Ал бұл «Жалғыз көз» батыр — баяғы жылқышы Орақ еді. Үңгірде бір жыл 
жатып, балгердің емдеуімен төсектен тұрған. Бір көзден айырылып, беті адам 
көргісіз тыртық боп біткен. Аққозыға қайта жолығуға өзінің мына мүсәпір түрінен 
қорланып, одан біржолата күдер үзген. Өзі тәрізді кедейлердің өшін 
Әбілқайырдан алмақ боп атқа мінген. Бірақ әзірге соңынан ерген халқы аз 
болғандықтан, бар қолынан келері аш қасқырдай хан малына тию болған. Әрине, 
хан бұның Орақ екенін білген жоқ. Демек, бұл арадан көшіп, көбейіп кеткен өзіне 
қас адамдардан да құтылуды жөн тапқан. Ойлап-ойлап ақырында астанасын 
Үргеніш шаһарына көшіруді ұйғарды. «Жейхун дариясының жағасында, Сұлтан-
Уайз-Даг қамалынан жетпіс шақырымдай төмен тұратын Үзбой арнасы арқылы 
жүзіп отырып Хивас 
1
теңізіне жетуге болады. Бұл теңізге шығуымыз — Түркімен, 
Дәшті Қыпшақ, Хива өлкелерін уысымызға қысып ұстауымыз ғой. Ортада бір кезде 
Еділ, Дон, Днепр бойынан көшіп келген қарақалпақтар бар. Қай жағыма қарасам 
да көз алдымда өзіме бағынышты елдер тұрады. 
1
Х и в а с т е ң і з і — Каспий теңізінің аты. 


159 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет