Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет218/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Атыңның жүйріктігіне тым сене берме. Талай жүйріктердің де мойнына 
бұғау салынған. Байқа, Темір би, Жәнібек ханның құрығы Әбілқайырдікінен ұзын 
болып жүрмесін! Әбілқайыр Дәшті Қыпшақты билегенмен, Еділ өзені бойындағы 
Алшынның көптеген ауылдарына өктемдігін еркін жүргізе алмаған. Жау жүрек бұл 
рулар бағындық деп кейде уәде бергенмен де, нақтылы дізе бүге қоймаған. Бұған 
ызаланған Әбілқайыр Дәшті Қыпшақтың осы рулар жайлап жатқан шетіне сан рет 
қол шығарған. Соның бірі осыдан он жыл бұрын жіберген он мың әскері еді. Бұ 
жолғы жауынгерлерді осы Қара Оспан батыр басқарып барған. 
Ол күндерде Қазының баласы, Темірдің әкесі Теңізбай би тірі болатын. Атасы 
Едігедей, әкесі Қазыдай ел шулатқан ер болмағанмен, жатып атар қулығы, жаудан 
қашып құтылар ақылы бар кісі еді. 
Көк Орда ханынан әскер шығыпты дегенді естігеннен-ақ, ел билігі ауып бара 
жатқан баласы Темірге ақыл айтқан. «Әбілқайырдың қалың әскерін соғыспен 
жеңе алмайсың, оны айламен алу керек. Және өшіктірмес үшін қарсы ниет 
көрсетпеген жөн» деген. Темір аталы сөзге тоқтаған. Осы сөзден кейін бүкіл 
Алшын жағы Қара теңіз жағасы Қырымға қарай көшкен. Темір бес мың атты 
әскермен, қаптаған қоспен жұртында қалған. Ұзақ жер жүріп, аттың арқасын 
алдырып келген Қара Оспан Еділдің ар жағында тұрып, Әбілқайырға бағынбай 
жүрген елді көрген. Ат жалдап, сал салып бір түнде бергі жағаға өткен. Бірақ бос 
жатқан жұртқа кездескен. Бұлар арғы бетке шыққандарында Алшын, Жағалбайлы 
ауылдарының бергі бетке өтіп кеткенін білген. Ызаланған Қара Оспан ат сауырын 
құрғатпай қайтадан Еділге салған. Бірақ бұлар бергі бетке шыққандарында көшкен 
ел Жайыққа қарай бет алғанын аңғарды. Жайықтан өтіп қашқындардың соңына 
тағы түсті. Тек осы арада ғана Қара Оспан батыр алдарында ел емес, әскер екенін 
білді. Өзінің алданғанын ұққан Әбілқайыр қолы енді бұрынғысынан да қызулана 
қуды. Бірақ Темір әскері жеткізбеді, ақырында олар Нарын құмына қарай 
бұрылды. Сонда ғана Қара Оспан бұл қуғаннан дым шықпайтынын түсінді. Амал 


235 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет