Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет228/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қайтып Еділ өт сана! 
Еңсесі биік боз Орда 
Еңкейіп сәлем бер сана! 
Ерні жұқа сар аяқ 
Ер сарқытын іш сана. 
Жауырындары жақталы, 
Түйме бауы тартпалы 
Ал қара киім үстіңе 
Тон береді, ки сана. 
Көк ала жорға ат мініп, 
Көк дабылпаз байланып, 
Тұтам бауы сом алтын 
Ақ сұңқар құс береді, 
Көл айналып шүй сана!» 
Бұл кезде Нұра беткейіндегі батырлар қара шоғырланып топтанып қалған. Қос 
күзетудегі Қыпшақтың жүзге таяу жігіттерін ертіп Қобыландыға Қазтуған қосыл- 
ған. Ел басына күн туғанда жеке қалудың лажын таба алмай, Шалкиіз жырау- 
ды бас етіп, екі жүздей қасындағы нөкер, сойылшы, малшы жігіттерімен Темір би 
де келген. Жәнібектің өзге балалары, бастығы Қасым мен Керейдің батыр ұлдары, 
ең үлкені Бұрындық боп, хан аулының маңайындағы төлеңгіт, сарбаздарын 
жинап, бұлар да төбе басына шыққан. Қысқасы, хан кеңесін қорғамақ боп 
Нұраның Қаратұзы беткейінде бес жүзге таяу заматта қол жиналды. Енді бұлар 
шеп құрып жауды қалай қарсы алуды кеңесті. Барлығы Қамбар батырдың 
айтқанына көнетін болды. Мұндайда батыр сөзіне бағыну ежелгі салт, Қамбар 
батыр Майсары 
1
етіп Қыпшақ, Арғын жігіттерін, Маймене етіп Алшын, Дулат және 
1
М а й с а р ы, М а й м е н е — ханның оң жағында және сол жағында отыратын кеңесшілері. Ұрыс кезінде 
әскердің оң қолы, сол қолы. 


246 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
өзге ру сойылшыларын тұрғызды. Өздері Шыңғыс ұрпақтары төлеңгіттерімен орта 
шепті алды. Келе жатқан жауға осылай үш мүйіз боп қарсы шабуды ұйғарды. 
Дәл осы сәтте солтүстік пен шығыстың нақ орта шенінен аспанға бұрқылдай 
көтерілген шаң шықты. Тағы бір сүт пісірімдей кез өткенде шаң астынан қалың қол 
көрінді. Енді аздан кейін жау селеуті де анықтала бастады. Желкілдеген кілең ақ 
сең сең бөрік, күнге шағылысқан көк құрыш найза суыт келеді. Қарқындары тау 
бұзардай. Олар, таяған сайын қиғаштай шаба, әскердің қос қанатын екі жаққа жая 
түсті. Әбілқайырдың атты әскерінің ежелгі тәсілі. Құшағын жайып кеп, жауын 
ортаға ап жан-жағынан кенет ат қояды. Жау әскерін қоршауға алады. Бұл темір 
қышқаштан құтылу екіталай. Әскердің қолбасшысы бастаған бір тобы кейін 
қалады. Ол өзіне ың¬айлы жерде тұрып ұрыс болып жатқан майданнан көзін 
алмайды. Қай тұста әскері азая бастаса, не күші құлдырап жеңілуге айналса, сол 
тұсқа қасында тың тұрған әскерден көмек жібереді. Бұл жолы да сол әдістеріне 
салмақ тәрізді! Шайх-Хайдар әскері қазақ батырлары тұрған жерге тағалана 
қоршай таяп келеді. Дәл осы кезде, Нұра беткейінде тұрған батырлар, келе жатқан 
жау әскерінің күншығыс және солтүстік бүйірінен бұларға қиғаштай тиіспек боп 
құйындай шапқан екі қолды көрді. Батырлар бірден түсінді. Мынау астындағы қос 
өркеш желмаялары бастарын төмен түсіріп жіберіп, күншығыс жақтан тайрақтай 
шапқан қол — бұл жауын аңдамай өткізіп алған, қалқан етіп шығыс жақтағы жолға 
қойылған Керей, Найман жауынгерлері. Ал солтүстік тұстан шұбатыла жөңкіген — 
алдында әрқашанда ер жүрек батыры оқшау келетін — бұл солтүстіктегі қалқа — 
Арғын, Қыпшақ қолы. «Жау келе жатыр!» деген хабарды естігеннен-ақ Қасым: 
«Хан кеңесі болып жатқан жерге тез жетсін» деп ат шаптырған. Жау жүрек екі 
қолдың тез жеткеніне беткейде тұрған батырлар қуанып қалды. Әлдекімдер «Уа, 
сәт!», «Ақсарбас, ақсарбас!» деп өзінің көтерілген көңіл күйін жасырмай ашық 
айтып жатыр. Күтпеген жерінен, арттарын ала, екі бүйірлерінен екі қолды көрген 
Шайх-Хайдар әскері «өзіміз қоршауға түсіп қалмайық» деген қауіппен кенет екі 
жаққа жайыла түскен қанаттарын жия қойды. Енді олар шашау шығармай, тобын 


247 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет