Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет235/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Гүлбаһрамды көріп кәрі жүрек тағы толқып кетсе де, Қобыланды батыр өзін-өзі 
ақылмен тоқтатты. Бір кезде өзі өлімге қиған батыры, енді бұны ажалдан алып 
қалғанын түсініп, күрт өзгерді. «Қоянды — қамыс, ерді намыс өлтірер» болса, да 
батырдың аңғал бір ұрт мінезіне салып Қобыланды намысын жеңді. 
— Қарағым, батыр Саян, ер шекіспей бекіспейді. Сен екеуміз шекістік. Айып 
менен, — деді. — Егер сен кешірсең, арамызда болған оқиғаны мен кешірдім. 
— Мен де кешірдім, — деді батыр Саян күлімсіреп бірінші боп қол беріп. 
Қобыланды батыр Саянның топ аламанын ертіп Хан Ордасына қайта келгеннен 
кейін Жәнібек ханның жарлығы бойынша, хан кеңесінің аз күнге мәжілісі 
тоқталып, жігіттердің жау қашырған құрметіне үш күн, үш түн той істеді. Дәл осы 
кезде Қырымды аралап Асан Қайғы жырау оралды. Бастығы Жәнібек боп бүкіл 
қазақтың ардақты батыр, биі қарт ақынды кілемге көтеріп қарсы алды. Өзіне 
арналып ақ орда тігіп, ту бие сойылды. Той үстіне той болды. 
Осы тойдың нағыз қызып жатқан шағында, бір өліп тірілген, қараша күркеде 
сирағы сыртқа шығып шынжырлаулы жатқан Қарашың батырға Бұрындық келді. 
— Қарашың батыр, — деді ол айтайын деген сөзіне бірден кірісіп. — Егер
жаныңды сауға етіп, еліңе жіберсін десең менің шартымды орында. 
— Қандай шарт? 
— Тоқтар-Бегім сұлуыңды маған тоқалдыққа бересің. Сонда босатам. 
— Ау, оның байы бар емес пе? Және былтыр бөпелі болған. 
— Байынан айыр. Баласын байына қалдыр, не өзің асыра. Шешесін маған бер. 
— Бұл мұсылманның сөзі емес. 
— Сенің қарындасыңа мен мұсылман емеспін. Өзінің қылығына қарай 
кәпірмін. 
— Жоқ, Мұқамет пайғамбардың дініне қарсы болар күнәға мен бара 
алмаймын. Одан да менің басымды ал. 
— Маған сенің басың емес, қарындасың керек. 


254 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет