Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет234/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   316
Әдеби KZ
 
 
құтылмақ болды. Көксеңгірдің ұрпағы Киіккетпес тұлпарын тебініп қап, жау шебін 
үзбек боп кейін шапты. Қобыландының айбарынан сескенген жігіттер қақ 
айырылды. Қобыланды орталарынан зырғытып өте берді. Бірақ өте алмады, екі 
жағынан лақтырған арқан мойнынан бірдей түсті. Ырғи жөнелген Киіккетпестің 
үстінен сыпырып жерге дүңк еткізді. Аспан-көк шыр айналып кетті. Құлап бара 
жат- 
қанында құлағына жеткені ат дүбірлері мен «Ақжол! Ақжол!» деген айқай ғана 
еді. Ар жағында не болғанын өзі де білмеді. Тек көзін ашып, есін жиып, орнынан 
ақырын түрегелгенінде, алдында күлімсіреп қарап тұрған жас жігіт пен алтын 
зерлі жұмсақ сауыт киген, құралай көз сұлу келіншекті көрді. Арада сегіз жыл өтсе 
де, бұл екеуін Қобыланды бірден таныды. Шатыраштанып жасыл төккен мырза 
қарағай тәрізді сұңғақ бойлы сымбатты жігіт батыр Саян болатын. Ал қасындағы 
келіншек, оның жұбайы Әбілқайырдың туған қызы Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегім еді. 
Батыр Саян баяғы Сейхун дарияның жағасында Әбілқайырды жолбарыстан 
аман алып қалғаннан кейін, өзі секілді күштілерден қорлық көрген жүзге тарта 
батыр жігіттерді жинап, аламан болып кеткен. Сейхун мен Жейхунның арасында 
қасқырдай жортқан. Талай шонжарлардың малын шауып, Мауреннахр мен 
Түркістан арасында көшкен сан саудагерлердің керуенін тонаған. Ақырында 
Жетіқоңыр маңайында қазақ рулары бас қосып жатыр дегенді естіген. Енді 
аламандықты тастап, бір кезде өзін өлімнен құтқарған нағашы жұртына қосылмақ 
боп, қасындағы жүзге таяу серіктерімен, бес жасар баласын алдына отырғызып, 
Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегім сұлуын ертіп жолға шыққан. Құмға өскен қалың сексеуіл 
арасында келе жатып, Қобыланды батырды қоршаған сұлжық түрікмендердің 
жігіттерін көрген. Қобыландыны аналар аттан құлатып, байлап жатқан кездерінде 
Арғынның ұраны «Ақжолдап!» айқайлап, шабуыл салған. Қазақтың көп 
сыпайлары жетіп қалған екен деп ойлаған сұлжықтар, қарсыласуға батылдары 
бармай, Қобыландыны тастап қашқан. Өздері жолаушылап алыстан талып келе 
жатқан батыр Саян жігіттері оларды қумаған. 


253 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет