Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет240/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жоқ. Егер қысы-жазы малдарыңа жайылым болатын жер іздесеңдер, Қорасанға 
көшіңдер, кең өріс, мол қоныс берем. Сауда-саттығыңа да қолайлы. Ар жағында 
Ирак, Иран, Ауғанстан да алыс емес» деді ол қырқын беруге жиналған Арғынның 
би, батырларына. Арғын руы Арғынаты тауынан асып көшпегенімен де ел басы — 
Арғын биінен айырылған жұрт судай толқып, сеңдей соғылысты. Осындай 
бәтуасыздықтың арқасында Есіл, Тобыл бойындағы түпкі Арғын руы жартымды 
бәлендей жасақ бере алмады. Ал, Найман, Керей болса, бұ жылы өзіне 
Амансанджи тайшының кезекті шабуылына қарсы шығудан қолы босамады. Бұл 
шабуылға қатыспайтын Мауреннахр жеріндегі Керей, Наймандар Әбілқайырдың 
сенімді адамдарының бірі Қожа-Уали бектің айтқанынан асып кетпеді. 
Міне, осындай халге ұшыраған Найман мен Керейдің де Жәнібекке ойдағыдай 
көмек көрсету қолынан келмеді. 
Ақырында Жәнібек хан өзіне еріп көшіп жүрген үш жүз мың шаңырақ Арғын, 
Қыпшақ, Қоңырат, Үйсін, Уақ және Бестаңбалы руларынан отыз мыңдай ғана 
әскер жинай алды. Мұндай әскермен кімді шабады? Бұл кезде бір Әбілқайырдың 
өзінде жүз мың атты әскер бар. Ал, елінің шетіне күнде тиіп отырған Қытайда, 
Торғауытта қанша күш бар екені кімге мәлім? Күншығысы мен оңтүстігі мұндай 
ауыр жағдайда болғанда, күнбатысы мен терістігі жетісіп тұр ма? Құбыласында 
Жошы ханның бір бұтағы Астрахань мен Ноғайлы хандарында қанша қол бар? Ар 
жағында Қырым ханы атақты Меңдігерей мен Қазан ханы Ибрагимның елі тұр.
Бұлардың бәрі де Дәшті Қыпшаққа дос емес. Ал Жәнібек болса отыз мың 
әскермен аузынан жалыны атқан Әбілқайырдан Түркістанды тартып алмақ. Жоқ, 
Жәнібек, сен өзіңнен күшті арыстанмен алысқың келсе, ең алдыменен бел 
омыртқаңның үзіліп мерт болмайтын жағыңды ойлауың ақыл. Ал мұратқа жетудің 
екі жолы бар. Бірі — күшің қазір шағын екен, онда өзің секілді Әбілқайырға 
қастардың басын қосып, майданға солармен бірге шық. Әрине бұл оңайға 
түспейді, бірақ қайткенмен де құм жиылып тас болуға тиісті. Ал екінші жолы — 
Әбілқайырмен алыспастан бұрын әбден күшейіп алуың шарт. Мұның да жалғыз 


259 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет