Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет248/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   316
Әдеби KZ
 
 
үстінен бір жағына қарай жантая, садағын кезене ыңғайланып келе жатқан ерке 
сұлу, Жәнібек сұлтанның қасынан өте беріп, садағын тартып жіберді. Сол сәтте 
жұрт шу ете түсті. Шуда жіппен қадаға іліп қойған күміс жамбының кенет көкке 
атылғанын Жәнібектің өзі де көрді. 
Шулаған жұрт жорғасын әзер тоқтатып кейін оралған Жағанға қарсы ұм- 
тылды. 
— Мың жаса, Жаған мерген! 
— Қыз емес, қыран ғой! 
— Сені тапқан анаңнан айналып кетейін. 
— Қарақожа атаңның аруағын бір көтеріп тастадың ғой!
— Ел намысын жібермеген ер қызым, мың жаса!
Дабырлаған топ қызды ат үстінен көтеріп ап, сұлтандарға қарай жүрді. Олар 
Жәнібектер тұрған маңға таянғанда ғана қызды қолдарынан түсірді. Өздерінің 
тобына жақындап келіп, иіліп сәлем берген Жаған адамзаттың баласы емес, 
көктен түскен қор қызы боп көрінді. Қос бұрымы жерге тиіп шұбалып, құралайдың 
көзіндей танадай қара көздері Жәнібекке жайбарақат, мөлдірей қарады. Осы бір 
күнәсіз көзқараста жігіттің асау жүрегін тайдай тулатқан бір ғажа- 
йып сиқырлы күш бар еді. Өн бойы қорғасындай балқып, Жәнібек өзін-өзі әзер 
ұстап қалды. 
— Арсыздар ма, құда жігіттер? — деген Жаған сонда ұзын кірпіктерін 
Жәнібектің жүрегіне, дәл осы қазіргісіндей қадап. 
— Барсыз ба, мерген құдаша? — деген жігіттер шулай жауап беріп. 
Осыншама шудың ішінен тек Жәнібектің даусын естігендей Жаған сұлтан- 
ға тағы да бір мәністі көз тастады. Сұлтан енді бұрынғыдан да бетер өртеніп кете 
жаздады. Сол күні түні бойы көз ілінбей шықты. Ертеңіне Жәнібек Жаған қыздың 
қалай асау үйреткенін көрді. Бойды алған жалын, ойды өртеген арман 
бұрынғыдан да өрши түсті. Ұлытауға қайтып келісімен сұлтан сонау Алтын хан 
еліне құдалыққа кісі жіберді. Келесі Жазтоқсанның басында он төрт жасар Жаған 


267 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет