Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет245/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   316
Әдеби KZ
 
 
кеудесіне келіп қадалғандай. Жәнібектің қырықтан асқанға дейін сан айқаста 
мызғымаған тас жүрегі, кенет қолға түскен торғайдай тыпырши қалды. Хан көз 
алдында осы Жағанмен алғашқы кездескен шағы елестеп кетті. 
Жәнібек жиырмадан жаңа асқан тұсында. Жазтоқсанның нағыз сарша тамыз 
ыстық кезінде Шах-Будақ сұлтанның серігі боп қырық жігіт құдаларды басқарып 
Алтын хан патшалығына барған. Әбілқайыр ханның баласының жанына ерген 
әнші, күйші, батыр, балуан, мерген, құсбегі — кілең өнерлері тасыған өрендер. 
Домбалық батыр сол маңда көшіп жүрген ең беделді рулар — Қытай, Найман, 
Керейдің бас батыры еді. Оныменен Цзинь богдаханы да, көршілес Ойрат 
қонтайшысы Исентайшы да мықтап санасады екен. Жәнібек бастаған Шах-Будақ 
тобы Теріскей Тарбағатайды жағалап Зайсан көлінен өтіп, Алтай тауының күнгей 
жағына шықты. Қалың Найман, Қытай, Керей тайпа елін көктей басып, үшінші 
тәулікте Домбалық аулына жетті. Бұл ауыл Қыдыркөл жағасына кеше ғана келіп 
қонған екен. Қамысты көлді жағалай кілең ақ шағаладай кигіз үй тігіліпті. Көк 
майса, жасыл шалғын белуардан келеді. Арғы қабағы қарауытып қана көрінген 
шалқар дария, көгілдір көлдің ақ айдынында сыңсыған қаз-үйрек, сыбызғыдай 
сызылған қоңырқай аққу әні алыстан талып естіледі. Көлдің қамысы аз күншығыс 
жағынан, сонау алыстағы белеске қарай өріп бара жатқан қарақұрым жылқы 
көрінеді. Шах-Будақ сұлтанның келе жатқанынан күні бұрын хабардар ауылдың 
қыз-келіншек, бозбалалары құдаларды көш жерден қарсы алды. Жәнібек Шах-
Будақтың қалыңдығы Аққозыны бірден таныды. Қарсы алған ауыл қыз-келіншегін 
қырағы көзімен бір шолып өтіп еді, дәл осы ауылға бұл жалғанның бар сұлу қыз-
келіншегін жинағандай екен. Ал Аққозы солардың ішінде топ қоңыр қаздың 
арасындағы аққу тәрізді. Сұңғақ бойлы, аққұба мөлдір көз бір керемет. Басындағы 
алтай құндызынан тіккен шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі дүрия шәйі қос етекті 
көйлегі де, белін қынай киген қамқа ішігі де, гауһармен безенген алқасы мен 
аяғын басқан сайын қоңыраудай сылдыр қаққан қақтаған алтын шолпысы да 
басқалардікінен анағұрлым қымбат, өзгеше. Қыздың сырт бейнесін көргеннен-ақ 


264 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет