Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет249/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сұлуды үшінші бәйбішесі етіп ақ отауға кіргізді. Баяғы алғашқы жолы кездескенде 
«Барсың ба, ару қарындас?» деп амандасқаннан кейін, ол Жағанмен бірінші 
мәртебе осы ақ мамық — жар төсегінің үстінде сөйлесті. Төсектің ірге жағында 
көйлекшең отырған Жағанның жерге шұбатылып жатқан қос бұрымын оң білегіне 
орап, сол қолымен тастай қатты сүйір ұшты қос анарын кезек-кезек сәл ауырта 
қысып, ұяттан күйіп-жанып не істерін білмей жанталасқан жас аруды бауырына 
тартты. Бетіне бетін таяп: 
— Мен сені Жаған, жақсы көріп алдым, — деді. 
әйел жынысын ол уақытта тек мүлік деп қарайтын еркектің бұлай дегеніне жас 
сұлу таң қалды. Сөйтсе де көңілдегі өкпесін айтты: 
— Өткен жылы менімен ең болмаса бір мәртебе сөйлесуіңіз керек еді ғой. 
Мәжнүнді жақсы көрген Ләйлідей менің бөтен біреуді ұнатып қалмағанымды 
қайдан білдіңіз? 
Қыз сөзі Жәнібектің еркектік намысына тиді. Ол кенет алқымына тығыла 
қалған ашуын әзер басып: 
— Оны қазір көрерміз, — деді — ит тиген арам аста қадір бола ма? Келген
жеріңде ауылың бар... 
Үй іші тастай қараңғы болса да, Жәнібек қыздың езу тартып күлгенін сезіп 
қалды. 
— Егер анамның ақ сүтіндей адал болсам, — деді қыз кенет даусы қалтырап 
шығып, — бір тілегім бар, орындайсыз ба? 
— Қандай тілек? 
— Егер ұл тапсам, оған атеке етіп біздің ауылдың Хасен деген бір жас жігіті 
бар, соны алдыр. Маған садақ тартып, асауды жуасытуды сол үйретіп еді. 
Жәнібек бойын өртеп бара жатқан жалынды күшпен басып енді отыра алмады, 
қыз өтінішіне жауап берудің орнына, оны аш белінен құшақтай өзіне тартты, жаңа 
піскен мәуедей әбден дер кезіне жеткен жас сұлу да, бауырын жазып жігіт әуеніне 
қарай икемделе берді. 


268 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет