Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет257/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   316
Әдеби KZ
 
 
отыруы хақ. Ал Қасым менің тағымның түпкі иесі. Апалы-сіңлілі екі адамның хан 
тақтарында отырар балаларының жауласпауы керек-ақ тілек. Бірақ ол мүмкін бе? 
Хан тағындағы адам айдаһардың үстінде отырған адаммен бірдей. Өзін айдаһар 
жұтып жібермес үшін, ол сол айдаһарға туған әкесін, жалғыз баласын құрбан етуге 
бар. Хан тағын қорғау қашан да болса қымбатқа түскен. Екінің бірі бұл кеселден 
аман құтыла алмаған. Осы ауыртпалықтың бәріне шыдап Қасым сұлтан жерін, 
тағын аламын деп ұмтылған Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға қарсы 
сойыл ұрмай отыра ала ма? 
— Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасымжанның тағын аламын деп, 
сойыл соғып соғысқа шықпайды. Қолына құран алып аналарына берген серті бар. 
Серт тек арманға жету үшін ғана керек. Жарайды, Мұхамед-Шайбани мен 
Махмуд-Сұлтан Қасым сұлтанға тимесін, ал егер сол қос бөрінің бірі Қасымның 
туған ағасы Қамбарға, не әдікке найза салса, Қасым сұлтан не істейді? Ал 
Әбілқайыр болса ауру... Түбі оның тағына Шах-Будақтың қос бөрісінен ыңғайлы 
Әбілқайырдың басқа ұрпағы жоқ. 
Жаған ерінің өзіне қойған сұрағының қаншалық ауыр екенін енді ұқты. Жауап 
қайтара алмай сәл кідіріп қалды. Кенет басын көтеріп алды. 
— Онда ма? Онда... — Жағанның даусынан нәсілі Керейге біткен қайсарлық 
естілді. — Онда кекке — кек! Қанға — қан! Қасым сұлтан әкесі мен ағасының өшін 
қайтарады. Әбілқайырдың өзін өлтіреді. Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанның толып жатқан ағаларының басын алады. Бірақ өздері антын бұзбай 
екеуіне де қылышын көтермейді. Егер мені ана дейтін болса, тұңғышым 
Қасымжаннан осыны тілеймін. Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға бірінші 
боп шоқпар сілтемеймін, — деп екеуміздің алдымызда ант беруін өтінем. Егер бұл 
арманымды орындамаса ақ сүтімді көкке сауып өтем. 
Ана тілегі Қасымның жүрегіне қанжардай қадалды. Дәл осы мезетте шешесі 
Жағанның апасы Аққозыға берген уәдесінің қаншалық қымбат екенін түсінді. 
Кенет ол орнынан атып тұрып, бір тізерлеп шешесінің алдына отыра қалды да,


277 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет