Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет258/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   316
Әдеби KZ
 
 
беліндегі наркескенін қынабынан суырып ап, екі жағынан ұстап маңдайына тигізді 
де, қылшылдаған жүзінен сүйді. 
— Асыл болат наркескен, қос бауырым Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанға сені бірінші боп қынабымнан суырмасқа ант етем, — деді ол. — Егер
антымды бұзып қос бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам 
Жаған бикенің ақ сүті ұрсын! 
Жаған бике орнынан түрегеліп баласының қолындағы жалаңаш ақ семсерді 
алды да ерніне тигізді. 
— Асыл болат ақ семсер, егер қансырар болсаң, жалғыз ұлым Қасымға емес, 
ең алдымен менің жүрегіме қадал. Ана тілегін қабыл алғаны үшін, оның құрбаны 
болсам арманым жоқ деп күні бұрын ант етем! 
Анасы мен баласының бұл қылықтарын өз көзімен көрген хан Жәнібек іштей 
екі сырды қатты түйді. Бірі — Қасымның анасы Жағанды аса жақсы көретінін. 
Екіншісі өткен түнде Жанбике тоқалдың үйіне кезексіз бардың деп әйелдік мінез 
көрсетіп, Жәнібекті өзіне дене сұлулығымен тартпақ боп отырған Жаған бикенің 
кенет шын ар-намысын қорғайтын іске келгенде, қандай табандылыққа болса да 
бара алатынын білді. «Сұлу әйел егер ақылды болса, еркекке тек өзінің 
сұлулығымен ғана емес, терең ойлылығымен де, табандылығымен де қымбатты 
болып көріне алады екен» деді ол ішінен. Ол осы сәтте үлкен жүректі әйелдің уақ 
әйелдік сезімінен де алыс тұрмайтынын қатеріне алды. Мұндай әйелдің 
намысымен ойнаудың қаншалық қауіпті екенін түсінді. 
Ертеңіне Жәнібек жарлық беріп, хан кеңесін шақыртты. Бұл кеңеске Орда 
маңындағы сұлтан, батырлар, ерлік істерімен көзге көріне бастаған өз балалары 
мен Керейдің баласы Бұрындық сұлтан қатынасты. Екі күн кеңесіп, ақырында 
Күзтоқсанның басында Түркістан уәлиетіне шабуылға шықпақ боп ұйғарысты. 
Дәшті Қыпшақ әскерін екіге бөлмек болды. Жәнібек хан балаларымен өзі 
басқаратын топ Созаққа, Керей ханның баласы Бұрындық сұлтан мен Найман 
батыры Қаптағай, Қоңырат батыры Сарыбалақ, Керей батыры Ойшыбай, Уақ 


278 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет