Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет256/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Құлындарым, — деген жанына келген балаларының маңдайларынан иіскеп, 
— мен енді сендерге жоқпын... Сендердің алдарыңда күнәм бар еді, ол күнәмды 
өзіммен бірге әкетіп бара жатырмын, — деген қысыла сөйлеп. — Ал енді ажал 
алдында сендерге жалғыз ғана тілегім бар, орындайсыңдар ма? 
Екі бала бірден: 
— Орындаймыз, — деп тізелерін бүккен. 
— Орындасаңдар... Менің тілегімді тыңдаңдар... Міне Жаған екеуміз сонау жат 
жерге келін боп түсіп едік. Мүмкін сол жат жерде екеуден-екеу 
болғандығымыздан ба, өмір бақи тату-тәтті өттік. Әкелерің қандай қастасып 
жүрсін, біріміздің біріміз титтей де көңілімізді қалдырған жоқпыз. Сендерден де 
тілейтінім — сол. Мына нағашы апаларың Жағанның баласы Қасыммен тату-тәтті 
болыңдар... Адам баласын аяуды білмеген ұлы бабаларың Тыңболаттың 
1
сендер 
де тұқымысыңдар, түбі нәсілдеріңе тартып кетулеріңе күмәнім жоқ, бірақ мені 
зиратында тыныш жатсын десеңдер, Қасымға қол көтермейсіңдер! Құран ұстап 
осыған ант беріңдер. 
Аққозы келін боп түскеннен кейін сегіз жыл сарғайып барып тұңғышын көрген. 
Содан шығар, анасы мен балалары арасындағы махаббат орасан берік болатын. 
— Міне, құран, міне, антымыз, — деп екі жігіт Қасымды қан етпеске ант берген. 
Жаған да Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға Қасым жағынан қастық 
жасатпаймын деп апасы Аққозыны сендірген. 
Сол күні Аққозы қайтыс болған. Ел болып, хан ұрпақтары оны құрметпен Ахмет 
Яссауи мешітінің іргесіне жерлеген. Шешесі Аққозы өлгенде ер жетіп қалған екі 
баласы бірдей жас нәрестелердей, жер бауырлап ағыл-тегіл боп жылаған. 
Сондықтан да оларға деген жүрегінде бір үлкен жылы сезім сақтап, Жаған еліне 
қайтқан. Қазіргі айтып тұрғаны осы жәйт. 
— Жарайды, — деді Жәнібек, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасым 
сұлтанмен тату-тәтті болсын. Түбі осы қос бөрінің бірі Әбілқайырдың тағына 
1
Шыңғысханды бертін келгенше, Шыңғыс ұрпақтарының қазақтан алған әйелдері, қазақ дәстүрі бойынша, 
Шыңғысхан деп атын атамай, Тыңболат деп келген. 


276 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет