Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет251/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жаған қымыз құйылған күміс шара мен алтын кесені әкеп, төменірек тізе бүкті. 
Иісі аңқыған сары қымызды күміс ожаумен сапыруға кірісті. 
— Хан ием, жақсы жатып жайлы тұрдыңыз ба? — деді ол көзінің қиығын 
күйеуіне аударып. Ханымның бұлай деп сұрауының әзіл астары бар еді. Өткен түн 
хан Ақжол бидің кіші қарындасы Жанбике арудың ордасына түнеп шыққан. 
Жанбикені Жәнібек былтыр алған. Оның жас иістігі есіне түсіп, хан кейде 
әйелдерінің кезегін бұзатын. Жас тоқалының ордасында өзге әйелдерінің үйінен 
гөрі жиірек болатын. Өткен түн кезегі Жағандікі еді. Жәнібек өзге әйелдеріне 
істеген тұрақсыздығын бұған әлі істеп көрмеген-ді. Намысқой Жаған күйеуінің сол 
қылығына қарай, бұл сөзді әдейі тигізіп айтып отыр. Ол қабағын да шытпай 
күлімсіреген қалпында сөзін жалғай түсті. 
— Жанбике тоқал өзгемізден гөрі төсекті жұмсақ төсей біледі дейді ғой. 
Бүкіл Дәшті Қыпшақтың жиырма сегіз басты руының басын қосамын деп 
талпынған Жәнібек хан, ешуақытта да жеті қатынын тату-тәтті ұстаймын деп 
ойлаған емес. Жиырма сегіз руға әлі жеткенмен, жеті қатынына әлі жетпейтінін ол 
жақсы білетін. Өйткені әр қатынының дауы бір тайпы елдің дауынан кем 
түспейтін. Солардың ішінде мұндай ошақ басы жанжалға араласа қоймайтыны 
осы Жаған еді. «Бұ да кірісе бастаған екен» деді ол ішінен. Қазір оған қандай 
жауап берсе де, қыңыр сөзге душар болады. Бәрібір жеңе алмайсың. Қатынның 
аты қатын, басы алтын, арты күміс болса да, өз дегенінен шыға алмайды. Ал 
қатынның кішкентай өзімдік жан дүниесі бүкіл әлемге бергісіз. Одан да үндемей 
құтылайын деді Жәнібек. Осындай ойдағы хан Жағанның көңілін бөтен сөзге 
аударғысы келгендей, бәйбішесі ұсынған алтын кесені алып жатып: 
— Қасымды шақыртшы, — деді сөйлесетін сөз бар... 
Жаған көзін ойнақшыта қарады. 
— Хасан атекесін де шақыртайын ба, үнемі бірге жүреді? 
Жағанның бұнысы да әлгі қыңыр сөздің жалғасы. 
Жәнібектің жүрегін мысық тырнап алғандай ашып кетті, сөйтсе де сыр бермей: 


270 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет