Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет283/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бұны естіген Яссы мен Отырардың әкімі Мұхамед-Мазит тарханның баласы 
Құлмұхамет-тархан қарсы тұруға күшінің жетпейтінін біліп, үй ішін, нөкерлерін, 
өзіне берілген адамдарын алып Яссыға қашты. Қала бос қалды. Сауранның 
ақсақал, бек, саудагер бас адамдары жиналып қаланы енді Мұхамед-
Шайбанидың інісі Махмуд-Сұлтанға бермек болды. Олар «Шайбани намеде» 
айтқандай: «Келіңіз, бұл үйде ешкім жоқ» деп хат жазып, кісі жіберді. Махмуд-
Сұлтан бос жатқан қала билігін өз қолына алды. Мұны естіген Мұхамед-Шайбани 
Отырардан інісін құттықтауға Сауранға келді. Бірнеше күнін той-думанда өткізіп
Отырарға қайтпақ болды. Бірақ інісі Махмудқа: «Саған қаланың басты адамдары 
Сауранды лажсыз берді. Егер бұл шаһарға шын қожа болғың келсе, қаладан 
оларды тезірек қу» деп ақыл берді. Махмуд-Сұлтан ағасының дұрыс ақылына 
көнбегенінің сазайын тек артынан тартты. 
Мұхамед-Шайбанидың бағы күннен-күнге көтеріле түсті. Шайх-Хайдар қаза 
тауып, Әбілқайыр Ордасы құлаған кезде әрқайсы өз ұлыстарына, шаһарларына, 
уәлиеттеріне тарап кеткен баһадурлар, әмірлер, бек, мырза, сұлтандар қайтадан 
Мұхамед-Шайбани маңына жинала бастады. Мұны көрген Яссы қаласының хакімі 
Мұхамед-Мазит-тарханның зәресі енді шын ұшты. Айбақ хан мен Ахмед ханнан 
қорқып, сонау Астраханьнан қашып келген Мұхамед-Шайбаниға құшағын жайып 
құрмет көрсеткенінде, ол қойнына қандай шұбар жыланды салып алғанын енді 
түсінді. Мұхамед-Мазит-тархан қойнына өзі салған осы жылан қанша кішкентай, 
әлсіз болғанмен де, өзінің қан құмарлығын істеді. Он-он бес жылдың ішінде 
қауырт өсіп, кәдімгі он кез қара шұбар айдаһарға айналды. Енді Мұхамед-Мазит-
тарханның қойнына сыймақ түгіл, өзін жұтуға ыңғайланған жайы бар. Айдаһардың 
алғашқы ысқырынуынан зәре-құты қалмаған тархан жанымды қайтсем сақтап 
қаламын деп, жедел шара қолдана бастады. Егер дер кезінде Мұхамед-
Шайбаниды тоқтатпаса, бір күні, әбден күшейіп алғаннан кейін, Яссыны да тартып 
алатынына шек келтірмеді. Ол ең алдыменен жанындай жақсы көретін он төрт 
жасар кенже қызы Ғибадат-Бегімді, қасына бірнеше батыр нөкерлерін қосып, 


304 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет