Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет281/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   316
 
ІV 
«Екі көз бірін-бірі шұқымасқа аллатағала ортасына мұрынды жаратқан» деп 
қазақ босқа айтпаған. Бұрындық таққа отырып, Қасым сұлтан әскербасы, яғни 
әмір-эль-умера болғаннан кейін, көп кешікпей-ақ араларында қайшылықтар туа 
бастады. Негізгі ала ауыздық Бұрындық пен Қасымның қазақ хандығының 
келешек саясатының қандай болуы керек, деген мәселедегі екеуінің 
көзқарасынан туған. Оның үстіне Әбілқайыр Ордасын қайта тұрғызуды көздеген 
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан жайындағы араларындағы алалығы 
қосылды. 
Аңғал батыр, қысқа томыратын морт мінезді Бұрындық қазақ хандығының 
келешегі тек соғыста деп ойлаған. Жасынан жауынгершілікті мұрат еткен, тоң 
мойын, өз дегенін дүниенің тетігі көретін қайсар хан қазақ хандығының күшею 
жолы тек көрші елдерді шабуда деп ұққан. Сондықтан ол өзі де үнемі ат үстінде 
болып, өзгеден де соны тілеген. Ал Қасым бөтен пікірдің адамы. Оның ойынша 
қалың қол, соғыс тек жаудан өз жеріңді қайтарып алу үшін ғана керек. Қазақ 
хандығының күшею жолы үнемі соғысуда емес, алдымен өзіңе ешкімнің тісі бата 
алмайтын айбарлы, қой үстінде боз торғай жұмыртқалататын бейбітшілікті арман 
еткен ел болуда деп түсінген. Осындай ойдағы Қасым үнемі жорық, үнемі 
шапқыншылық халықты жүдетеді десе, Бұрындық «жоқ, олай емес, жаудың жер, 
суын тартып алып, дүниесін тонау ер жүректі қазақ жігіттерін байытады, ал жорық, 
ұрыс тек халықты шынықтырады, сақылдаған аяз бен бұрқыраған боранда өскен 
көкжал қасқырдай қайтпас қайсар етеді. Бұндай елге ешкім де беттей алмайды. 
Ал жауы қорыққан елдің хандығы да берік, айбынды келеді. Сол себепті қазақ 
елінің ең мықты саясаты соғыс болу керек» деп тұжырған. Хан билігіне бағынбауға 
қақы жоқ әскербасы Қасым лажсыз Бұрындықтың бұйрығын орындап, жұмсаған 
жорықтарына баруға мәжбүр болған. Осындай орынсыз жорықтардың 
кейбіреулерінде жауына күші жетпей жеңіліп те қалатын. Әрине, Бұрындықтың 


302 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет