Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет30/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   316
Әдеби KZ
 
 
үміттенген. Әбілқайырдың ойы, бұл рулардың бастарын біріктіртпей билеу болса, 
Жәнібектің ойы Әбілқайырдың Ордасын құлату үшін сол рулардың арасындағы 
Алтын Ордаға деген өшпенділік өрши түсуі керек. Ескі Орда таластан әлсіресе, 
жаңа Орда тігудің жеңілге түсетініне ол күмән келтірмеген. «Қазақтың көшпелі 
рулары алмас қылыш, — деп ойлаған сұлтан Жәнібек, — егер жұмсай білсең — ол 
жауыңа айбар, жер-суыңа қорған. Қара халық өз бетімен бірімен бірі соғыспайды, 
тыныштықты, достықты тілейді. Бар пәле бізде, хан, сұлтандарда. Қолыңдағы 
осындай күшті аужайлап пайдалана алсаң, ойыңдағыдай хандықты құруға 
болады. Ноғай, Қазан, Қырым, Астрахань хандары мен сұлтандары таламасын 
десең, арғы жағыңдағы ұлы жұрт — орыс елімен тіл тауып, одақтасқан жөн. Бірақ 
ондай күнге жету үшін ең алдымен Әбілқайыр Ордасынан бөліну қажет». 
Ал Әбілқайыр Дәшті Қыпшақ хандығын күшейтудегі алғашқы күрестерінде 
өзіне сенімді құрал еткен көшпелі рулардың қазір теріс қарай бастағанын тек 
сұлтандардың қастандығынан көретін. Орынсыз соғыс-жорықтан, басқа елдерді 
шабудан кешегі алмас қылыштың жүзі қайтып, іске алғысыз боп мұқалатынын 
ұққысы келмейтін. «Жыланның үш кессе де кесірткелік қауқары бар, — деп 
ойлайтын ол, — егер де сұлтандардың өшпенділігін жойсам, Алтын Орда әлі де 
талай елді бағындыра алады. Тек соңыңнан ерген тобырды өткір қайрап жауыңа 
сала біл! Аужарлық етпе!». 
Әбілқайыр тағы ауыр күрсінді. «Тобыр! Бірақ сол тобырға ерік берсең, ол 
қожасының да басын алатын қаһарлы күшке айналады... Ерік беріліп еді, Мысырға 
құлдыққа сатылған Бейбарыс не істемеді? Атақты Құлағудың өзін Египет жерінен 
қуды...». 
Шыңғыс шапқыншылығы тегеурінді екпінімен қазақ руларының быж-тыжын 
шығарды. Көпшілігі өз жерінде қалғанменен, бірталайлары басқа елдерге қашып, 
жан сақтауға мәжбүр болды. Бір мың екі жүз қырық бірінші жылы Қыпшақтың 
біраз ауылы бастығы Қотан хан болып мадиярлар жеріне ауып кетті. Бұларды 
мадиярлардың королі қоныс беріп, алдарына мал салып жақсы қарсы алды. Бұған 


32 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет