Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет38/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Махмед-Қожа баласы, жабылмаған ұстара тәрізді еді, абайламасаң қолыңды алып 
түсуі оп-оңай. Оны мен әрине дұрыс өлтірттім. Бірақ одан не таптым? Шешесі 
жылы шырайын бір көрсетпей кетті. Менен балалы болып қалмайын деп, сан 
мәртебе күшәлә ішіп іш тастады. Жалғыз-ақ бұл ажалдардан пайда көрген Сарғыт-
Шиман Маңғыт болды ғой. Тапсырмамды адал орындадың деп мен оған қандай 
тартутаралғы бермедім, қандай дәрежеге көтермедім. Дәшті Қыпшаққа өзімнен 
кейінгі адам еттім. Әрине менің мұным өзгелерге ұнаған жоқ, әсіресе Баһрам, 
Алаш батырларға... 
Хан Ордасындағы тартыс сол күннен бастап күшейе түсті. Содан бері отыз 
жылдай өмір өтті, ал тартыс әлі бір толастамай келеді. Қайран, дүние! Қандай 
қайсар едім! Отыз жыл! Отыз жылдың ішінде қандай жауымды жеңбедім! Демек 
адамның қасы — арам шөп тәрізді болады екен. Отаған сайын қаулай өсе түседі. 
Әйтсе де мен де аянып қалғаным жоқ. Қай шаһарды алмадым? Хиуа, Самарқант, 
Икра-түп, Бұқар, Сығанақ, қазақтың жеке ұлысы болып жүрген Махмед-Қожа хан, 
ағалы-інілі Ахмед-Махмұд, Мұстафа хандарды жеңіп, Есіл, Тобыл, Нұра бойын 
өзіме қараттым... Бірақ сонда шыққан қандай мүйізім бар? Алғашқы хан болған 
кезімде Найман, Маңғыт, Ұйғыр, Қоңырат руларынан қаймықсам, енді міне 
Арғын, Қыпшақтан сескеніп отырмын. Бұрын жауым өзіммен аталас Сайбан 
тұқымдары еді десем, енді міне, Жошының он үшінші баласы Тоқай Темірден 
тараған ұрпақтары болып отыр. 
Әбілқайыр Арғынның би, батырларының алдыңғы жағында отырған сұлу 
мұртты Жәнібек пен жалаңаш қанжардай түсі суық Керейге көз қиығын ау-дарды. 
«Иә... иә... Абақ сұлтаннан бұлар қауіпті. Шыңғысхан нояндары күйреткен, 
соңынан бабалары Орыс хан қайта жөндеген Ақ Орда астанасы Сығанақты жаулап 
алғанымды бұлар мәңгі-бақи кешірмек емес. Және Ақсақ Темірдің баласы Шахрук 
сұлтаннан туған Ұлықбектің қызын алғаныма да қырғи-қабақ. Менің Бұқар, 
Самарқант бектеріне бүйрегімнің бұратынын көре алмайды. Шамалары келсе, тез-
ақ жеке қазақ ханы болып оңаша отау тікпек. Тек бөлініп кетуге әзірге күштері 


40 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет