Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет36/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Саянның нағашысы ханның оң жағында отырған маймене, асқан күш иесі, әрі 
шешен, әрі әнші, екі иығына екі адам мінгендей, төртпақ келген қара сұр Қотан 
жыраудың баласы Ақжол би қанын ішіне тартып сұп-сұр боп кеткен. Бірақ жүрек 
толқынын әдеттегі орнықты мінезіне жеңгізіп ол: 
— Неге? — деген, Қобыланды батырды қырағы көзімен бір шолып, даусын 
өзгертпей. 
— Ұлы Шыңғысхан шартын бұзды. Орманбет бидің ұрпағы әділгерейдің қызы 
есірей 
1
Қарашашты өз бетімен олжа етемін деп Керейдің Қарабатырымен 
таласты. 
Олжаға таласқанға — өлім жазасын беру Шыңғысхан Ясысында жазылған. 
Шапқыншылық заманда әскер арасы бұзылмасын деп бұны хан ұрпақтары мықты 
ұстаған, қас батырға қойылған айып ауыр. 
— Оған қандай дәлелің бар? Керей Қарабатырдың өзі айтты ма, әлде көрген 
жан бар ма? — деді Ақжол әлі де даусын өзгертпей. 
— Қарабатыр сол таласта қаза тапты. Көрген куәні де қызба қанды Саянның 
алдаспаны алып түсіпті. 
Әбілқайыр жұмсаған бір сұмның сөзіне аңғал Қобыланды күрт сеніп қалған. 
Осылай болуын тілеген көңіл, Саянға тағылған кінәнің ақ, қарасына көз 
жеткіздірмей, өзін де жаланың құрбаны етіп отыр. 
— Олжаға қалай таласқанын онда батыр Саянның өзі айтар? 
— Күнәсін мойынға алу үшін шын батыр болу керек. 
— Арғынның ардақты жиенін қатын демексің бе? 
— Олжа есірейге таласу қатын әрекеті. 
Екі батыр алыса кететін қанды ауыз арлан төбеттердей алая қарады. Бірақ хан 
алдында төзім сақтау керек, ендігі сөзді Орда иесінен күтіп үн-түнсіз отыр. 
Қобыланды батырдың бұл жанжалды неге бастап отырғаны Әбілқайырға аян. 
Күйе жаға айтылған сөздің астарында күйікті сыр жатқан. «әлде батыр Саянның 
1
Есірей — қолға түскен тұтқын деген мағынада (ескі қыпшақ термині). 


38 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет