Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет88/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Орақты тауып алған. Болған оқиғаны айтпай түсінген серіктері көзден таса, Ұлытау 
маңындағы бір үңгірге апарып баққан. 
Бұл жайды Әбілқайыр хан да білмеген. Тек бес жыл өткеннен кейін ғана
соңынан аламанын ертіп, әлсін-әлсін жылқысын шауып маза бермей жүрген
жыртық бет, жалғыз көз батыр осы Орақ екенін естіген. 
Ал, ол күндері хан Орақты ат құйрығына байлатып біржолата жоқ еттім деп 
ойлаған. Сондықтан да келіні құран алып ант еткенде, «Орақ болса да жоқ, мейлі» 
деп тілегін бере салған. Хан қабағының ашылмауына, әрине, Саян да себеп болды. 
Әбілқайырдың Бүркіт руынан алған әйелінен Шах-Будақ сұлтан мен Қожа 
Мұхамед, Маңғыт бәйбішесінен Ахмет пен Мұхамет-сұлтан, Қоңырат руынан
алған бәйбішесінен Шайх-Хайдар, Санжар, Шайх-Ибрагім, төртінші бәйбішесі 
Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Күшкінші мен Сүйіншік сұлтан туған-ды. 
Шабуылда тоқалдыққа Барлас руынан алған әйелінен Ақ-Бұрық пен Саид-баба 
дүниеге келген. Осы он бір баладан ең тұңғыш Шах-Будақ пен Рабину-Сұлтан-
Бегімнен туған Сүйіншік сұлтан бір төбе де, өзге балалары бір төбе болатын. Шах-
Будақ о дүниеге аттанғаннан кейін, Әбілқайырдың үлкен баласына деген 
махаббаты одан қалған екі ұлға ауған. 
Әсіресе екі баланың үлкені Мұхамед-Шайбаниды өте жақсы көретін (бұл атты 
да оған өзі қойған). Ал балалық мінезінде де Шыңғыс ұрпағының қанына біткен 
қайсарлық, қағілездік бар-ды. 
Келіні Аққозыға деген ашуын да хан осы екі немересін жетім қалдырып, 
өксітпейін деп әзер кешірген-ді. 
Ал осы он бір бала, олардан туған толып жатқан немересінің ішінен Әбілқайыр 
келешекте Ордамның тірегі болады деп нағашысы Ақсақ Темірге тартқан, кесіп 
алса қан шықпас қатал, Сүйіншік сұлтан мен немересі Мұхамед-Шайбаниды 
ерекше көңіліне қуат ететін. Әке балаға сыншы, өмір Әбілқайырдың болжауын 
дұрысқа шығарды. Бірақ болжауы дұрыс болғанмен де, бұл екеуінен Сайын тағы 
әзірге тым алыс жатқан-ды. Шах-Будақтан кейінгі кезек Шайх-Хайдардікі еді. 


96 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет