Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет89/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бұрындықтың атасының тағының жанына келген Мұхамед-Шайбаниға шүңет 
көздерімен аса бір өштене қарауынан, немересінің тағдыры жеңіл болмайтынын, 
басынан талай ауыртпалық, қанды тартыс өтетініне хан шек келтірмеді. «Соның 
бәріне осы албырт Мұхамед шыдай ала ма? Шыдай алса, жауына төтеп бере ала 
ма?» деген қобалжу сұрақ осы тойдан кейін оның ойынан кетпей қойды. Қыран 
құс балапанын басып шығарарда, ең алдымен өзінің ұясына жақын жерден туатын 
қауіпті ойлайды дейді. Егер ол қауіп жылан, не болмаса басқа бір қорқынышты 
жыртқыш аң болса, сол жауларын жойып, ұясына туар қатерден балапанын 
құтқармай, жем іздеп алысқа ұшпайтын көрінеді. 
Мұхамед-Шайбаниге деген Бұрындықтың көзінде жарқ еткен өшпендік отты 
Әбілқайыр есінен шығара алмай қойды. «Немереме жақын жау, сыбдырын 
білдірмей шағар улы жылан осы Орыс ханның ұрпақтары, — деді ішінен 
Әбілқайыр, — егер ұрпағың қауіп-қатерсіз дүние қызығын көрсін десең ең 
алдымен осы Бұрындықтардың көзін құрт!». 
Ал екінші жақсы көрері Сүйіншікке келгенде Әбілқайыр бір орнында отыра 
алмайды. Астынан сыз өткендей түрегеліп келіп, ерсілі-қарсылы ызалана жүре 
бастайды. Ханның бүйтуі тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге деген қызғаныштан ғана 
тумаған-ды. Жан күйінер, намысына тиер басқа да бір қырсық пайда бола қалған. 
Алдыңғы жылғы Қорасан жорығынан Әбілқайыр, жүзіктің көзінен өтердей үш 
текежаумыт күрең бесті әкелген. Хан ордасына тиісті олжаны бөлгенде, әлгі 
бестілерді сый-сияпат етіп сүйікті кіші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлуға 
тартқан. «Аулың көшкенде, екі балаңмен үш күреңді мін. Ақсақ Темірдің немере 
қызына сөйтсе, жарасады» деген. Осы бір сөзімен бүкіл Азия мен Үндістанды 
тітіреткен ұлы әмірдің шаһарын шауып, немере қызын тартып алып, әйел етіп 
отырса да, қанды көз Көрегеннің аруағына бас иетінін білдірген. Бұл тарту, өзге 
бәйбішелерінің арасында кезінде күндестіктен туған жанжал да шығара жаздаған. 
Сол бестілер биыл ауыздарымен құс тістейтін жеті жасар ат болған. Биылғы тойда 
Әбілқайыр оларды да бәйгеге қосып көрмек боп, Рабиу-Сұлтан-Бегімге: 


97 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет