5-түсі.
Баскалардың қажетіне жарай білуге талпыныңыз.
6-түсі.
Тыныштық сақтай білуге үйреніңіз. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдыланыңыз.
7-түсі.
«Жақсылықа жаксылық — әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі» деген нақыл сөз
жадыңызда жүрсін.
Адамгершілік ағашын өсіру.
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді,
міне, осындай әсем табиғат аясына асыл касиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірсек калай болады?
Асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашы»
Оқушыларға жапырақтар таратылады. Жапырақтарға асыл қасиеттерді жазып, ағашқа жапсырады.
Мінекей, жаңа ғана біз сізбен асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік. Осы әсем ағаш сіздерге
алдағы уақытта сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі
қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты бала болыңыздар!
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: /Дәптермен жұмыс/
1. Амандасу
2. Үлкенді құрметтеу
3. Тілін сыйлау
4. Отанын қорғау
5. Дінін сатпау
Сергіту сәті
Әңгіме. «Байлық, бақыт, адамгершілік»
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Адамгершілік үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен кеткен әңгімелерді айтысады.
Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады.
Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ (кеудесін қағады).
Бақыт: Мен бақпын, кімнің басына қонсам,соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ
дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс дөкей етемін.
Адамгершілік: О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ, мен бірер ит
жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен ақылмын, сондықтан, бекер
даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтармаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де
айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер
Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан: Өмірдің өзі сабақ. «Байлық –
бір жұттық», «Бақыт – баянсыз». Ақыл бар жерде адамгершілік те , байлық та, бақыт та, бір ынтымақта түгел
болады деген екен.
Міне балалар, ақылмен, адамгершілікпен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға болады. Олардың еңбек деген
сүйеніш, тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да, ақылды, адамгершілігі мол адам баласы байлыққа да, бақытқа да
кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады екен.
Сұрақ – жауап.
o
Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
o
Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?
o
Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
o
Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?
Постер құру.
Адамгершілік – сөзіне постер құрып, қорғау.
124
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Достарыңызбен бөлісу: |