Байланысты: Республикалы басылым білім жолы н рлы жол
* * * * * * * * * * * * * * * ТУҒАН ЖЕРІМ - АЛТЫН БЕСІГІМ Амантай Жұлдыз Ағыбайқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Туған жер қасиетті де, киелі ұғым. Атамекенінен қадірін алшақ кетіп, жыраққа шықпаған
жанның түсінуі екіталай. Туған деген ұғымды жеке алып қарағанның өзінде қаншама мағына жатыр.
Құрметке ие емес, қарапайым дүниені туған сөзіне сыйдыру мүмкін емес.
Адамның туып өскен, кіндік қаны тамған жері өзіне қашан да ыстық, қасиетті. Шексіз құдіретке
ие туған өлке - адам жанының емшісі. Топырағы жанға шипа, ауасы жанға дәру. Небір ұлы тұлға,
құрметті азаматтардың ауыл топырағына аунап өскені бізге белгілі. Ауыл қашанда қадірлі.
Ауыл десе бірден қарапайым адамдар мен мейірімге толы жүздер елестейді. Мейірімділікпен
тығыз байланысқан ауыл өмірінің қызығы мен шыжығы мол. Әрдайым бір-біріне қол ұшын беруге
дайын тұратын ауыл тұрғындары адалдықтың нышаны тәрізді. Туған жерді жыр жолына қоспаған
ақын-жазушыны кездестірмедім деп айта алмаймыз. Осыдан-ақ атамекеннің қасиетін түсінуге
болатын шығар. Барлық киелі ұғымдардың барлығы туған жер ұғымына сыйғызу мұмкін емес.
Адамзат баласы өмірге келген сәтінен бастап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған уақыты
әрқашанда ыстық. Ал, ол оқиғалардың барлығы атамекенде орын алады.
Туған жерім Қазақстан деп жай айта салуға болмайды. Елім деп ерекше мақтан тұтатын жанның
бойын әрдайым қуаныш сезімі баурайды. Бұл дүниеде қаншама жанды кездестіреміз. Соның ішінде
елім деп еңіреген небір азаматтарды кездестірсек, енді бірде халқына ешбір жаны ашымайтын, өзінің
қамын ойлайтын азаматтар мен азаматшаларды кездестіреміз. Ондай тұлғалар Отанының
өркендеуіне емес, керісінше құлдырауына жол ашады. Еліміздің таза ауасын жұтып, кең байтақ
жеріне орналасқандықтан әрбір жан туған жерінің қамын ойласа екен деймін.
Ал, қазір мен өзімнің туған өлкем - Қаратал ауылы жайлы айтқым келіп тұр.
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданына қарасты кішігірім ауыл ондағы әрбір
тұрғанның ыстық мекені. Сілеті өзенінің жағасында бой көтерген ауылымздың табиғаты жанға сая
деп мақтана айта аламын. Ауылымызды қоршай аққан өзендер табиғатына одан әрі көрік беріп
тұрғандай. 60 шақты үй орналасқан шағын ауыл небір ғұлама, ұлы азаматтардың кіндік қаны тамған
жер. Қанжығалы ұрпақтарының бір өлкеде жиналып, бір үйдің балаларындай күн кешуі көпке өнеге.
Базаргелді балалары деген атқа ие Қаратал ауылының халқы адалдық пен адамдықтың символы.
Кіндік қаным тамған жер мен үшін әрқашанда киелі, құдіретті. Себебі, тек мен емес, ата-
анамның, ата-бабамның кіндік қаны тамған жер.
Туған жер - әрқашанда адам үшін бірінші орында тұратын баға жетпес қазына.
* * * * * * * * * * * * * * *
3
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----