Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


Алдағы мақсат-міндеттерім



Pdf көрінісі
бет5/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

 Алдағы мақсат-міндеттерім.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арта түсіру.

Топтық жұмысты үнемі қолдану.

7 модульді дұрыс әрі тиімді қолдану.

Әріптестемен тәжірибе алмасу.

Кері байланысты үнемі орнату.

Оқушылардың іс-әрекетін бақылау және талдау.

Оқытуда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу.
Алдағы уақытта бағдарламаның 7 модулін басшылыққа ала отырып, осы бағдарлама аясында өз
білімімізді толықтыра отырып, сабақтарымды қызықты да шығармашылыққа толы, оқушы зейінін
сабаққа аударып, қызығушылығын, ынтасын арттыратындай, нәтижесінде сапалы білім саналы тәрбие
алып, еліне адал қызмет ететін шәкірттерді тәрбиелеп шығарамын деген сенімдемін.
Білімді ұрпақ етіп жетілдіру ұстаздардың қолында. Сол жауапкершілікті ақылды ой-санамен
түсініп, әр сабағымда жаңалық ашуға ұмтылып, жаңа технологияны пайдаланып, оқушы
қызығушылығын арттыру әрбір ұстаздың міндетім деп білемін.
* * * * * * * * * * * * * * *
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ
 Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ділданова Надира Көмекқызы
Cабақты жүргізген ағылшын тілінің мұғалімі 
Ділданова Надира Көмекқызының рефлексиясы.
4 «в» сыныбында диалогтық оқыту тақырыбында зерттеу бойынша ағылшын тілі пәнінен «Жеке бас
гигиенасы» тақырыбында сабақ өттім. Сабақты шығармашылық топпен ұйымдаса отырып сабақ жоспарын
жасадық. Бұл менің жоспарлы бірінші сабағым.
Мақсатым ағылшын тілі сабағында диалогтық оқыту қабілетін арттыру, оқыту мен оқудағы түрлі
тәсілдерді қолданып оқушыларымның білім деңгейін көтеру, оқу және айтылым дағдысын қалыптастыру
болғандықтан, сабақтың әрбір сәтін мұқият талқылаудан өткізіп, тапсырма орындау, терең түсіндіру үшін сабақ
берудің түрлі тәсілдерін қолдандым.
Сабақтың алғашқы сәтінен- ақ оқушылардың қызығушылығы басым болды. Сыныпта ынтымақтастық
атмосферасын орнатып, сәлемдесіп, оқушылардың тілін сындыру үшін ағылшын тілінде әріптіркестердің
дыбысталуын қайталадық. Үй тапсырмасын сұрау барысында шеңбер құрап ашықхатта берілген сұрақтарға
жауап берді. Әр хаттың тапсырмасы әртүрлі, сөздік, сөзтіркесі, сөйлем түрлерін аударма жасады. Әрине сөздік
жаттаған оқушы белсене жауап берді,әріптіркестерді басым көпшілігі дұрыс оқыды, аудармадан кейбірі қателік
жіберді. А және Б деңгейлі оқушылардан толық жауап алдым. С деңгейдегі оқушыылар сөздік
жаттамағандықтан оқыса да, аударма жасап беруден қателесті. 
Ал жаңа сабағымда диалогтық байланыс орнату үшін бірнеше сұрақтар қойдым. Сұраққа жауап таба
отырып тақырыптың «Жеке бас гигиенасы» екенін ашып алдық.
Сабақтың келесі кезеңінде жаңа сөздермен таныстырып, қайталатып, айтылуын үйретіп пысықтадым. Ол
үшін аудиотыңдалымнан мәтінді тыңдап бүгінгі жаңа сөздерді, әріптіркестерді қайта айтып берді. Осы орайда
6


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
С деңгейдегі оқушыларға топта айтқызып, жұптық және жеке жұмыс жасау арқылы есте сақтау қабілетін «о»
әрпінің ашық буында ұзақ дыбысталуын есінде қалдыру үшінжұмыс жасадым.
Ал болымсыз сөйлем құрастыруда өткен шаққа өзгерту кезінде қателіктер жіберді. Осы сәтте диалогтық
оқытуды қолданып болымды сөйлемді болымсыз сөйлемге айналдырып жұптық жұмыс жасады. Бұрыс етістікті
табу қиындық туғызды, бұл мәселені шешу үшін тек көбейту кесте жаттағандай бұрыс етістікті жаттап алу
керек. Джектің жақсы және жаман қасиеттерін жазып қорғады. А және Б деңгейдегі оқушылар өз ойларын
сөйлеммен айтып жатты. Ал С деңгейдегі оқушым тек постердегі жазбаны оқып қана берді.
Осы тапсырмада мардымды жауап ала алмаған соң диалогқа түсіп сұрақтар қойдым,жауап беруге
тырысты. Сабақ соңында оқушылардың суммативтік бағасын шығара отырып, стикерге барлық сынып
бойынша көңіл-күйлерін жазу арқылы смайликтерге орналастырғыздым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет