Нұсқаулық:
«Бүгінгі күнді бір-бірімізге тілектер айтумен бастайық: Бірінші қатысушы орнынан тұрып, кез-
келгеніміздің қасына келіп амандасады да, оған жақсы тілектер тілей бастайды. Ал, ол өз кезегінде келесі
адамға келіп, өз тілегін білдіреді, осылай әрқайысымыз бір- бірімізге тілек айтып шығамыз».
Жаттығудың нәтижесі «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болады немесе
«Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегенде қандай халде,
сезімде болғаныңызды әңгімелеп беріңіз?» деп ұзын сұрақ қоюға болады.
3. Адамның сұлбасын жасау.
Мақсаты: Әр адамның өзіне деген мақсат мүдесі болады сол себепті оны бағалай білу керектігін түсіну.
Нұсқау: Алдарыңыздағы ақ парақты аламыз да, ешқандай құрал пайдаланбастан, қолмен жыртып отырып
адамның сұлбасын жасаймыз,одан кейін оны бояп әрлейміз, болғаннан кейін нәтиже түсіндіріледі.
нәтижесі: Адам сұлбасына суреттеме.
1 Басына қалпақ кигізген болса, онда болашақта үлкен адам болады.
2. Суреттің формасы қалай суреттелген болса , онда өзін суреттегені.
3.Көзі ашық болса , онда ол өмірдегі жаңалықты өз көзімен көргенді ұнатады.
4. Құлақ жоқ болса естігісі келмейді.
5.Қолын жинап алған болса, онда шығармашылық басым.
6. аяқ киім жоқ болса, өмірде қалай жүрерін білмейді.
7. Саусақтар салған болса , майда жұмысты жақсы көреді.
4.
«Шығармашылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің шығармашылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген
құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі құндылық
болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына шығармашылыңыздағы маңызды
бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.
1. Мықты денсаулық
2. Әріптестеріне, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір – бірінің жұмысына араласпау
7. Тәртіп
8. Бос уақытты үнемді пайдалану
9. Сенімділік
10. Мектеп басшысының сөзі заң
11. Өз ұжымына үлгі болу
12. Әлеуметтік жағдай
13. Ұжымдық қарым- қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайлылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет.
20. Көп бала
Соңында үлкен Бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.
5. «Ер қанаты ат» жаттығуы
Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер демекші қазір сіздерге мынадай жеке тапсырма беріледі. Сіздерге аттың суреттерін
таратып беремін, сіздер атқа адамды отырғызасыздар. Кімнің ойы жүйрік екен, кім мұратына жете алады екен
соны анықтай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |