Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет6/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

Сабақтың сәтті тұстары:
1.
Оқушылардың тапсырмаларды өз дәрежесінде орындай алуы.
2.
Топтық жұмысқа белсене атсалысуы. А деңгейлі оқушылардың көшбасшылық қабілеті шыңдалды.
3.
Тақырып мазмұнын жақсы түсіне алды.
Сабақтың сәтсіз тұстары:
4.
С деңгейлі оқушылардың енжарлық танытуы.
5.
Постермен жұмыс жасауда балалардың тіл байлықтарының аз, біршама балалар өз ойларын жеткізуде 
қиналып тұрды.
Болашаққа болжам:
6.
Оқу дағдысын қалыптастыру, диалог құрастыру үшін деңгейлік кеспе қағаздармен жұмыс жасау.
* * * * * * * * * * * * * * *
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі
 Түркістан облысы Ордабасы ауданы Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ
 Логопед-дефектолог: Байзах Үміт Әзімбекқызы
Диагностикалық және ұйымдастырушылық бағыт.
Мақсаты: Ауысша және жазбаша сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларды анықтау.
2018 жылдың 16 – 25 шы қазан аралығында бастауыш сынып оқушыларының 1 – 4 сынып бастапқы 
логопедиялық тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелерін сараптай отырып, логопедиялық бөлімге 15 оқушы 
тіркелді.Соның ішінде 1 оқушы басқа мектепке ауысты.Сәуір айында бір оқушы ПМПК сараптамасынан өтіп 
тіркеуге алынды.
Сөйлеу тілінің барлық коммпонеттерін тексерудің нәтижесіңде оқушылардың сөйлеу тілінің жалпы
бұзылуы, сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, фонетикалық 
бұзылыстар, тұтықпа және сөйлеу тілінің жүйелі бұзылысы түрлері кездесті.

1.Фонетико – фонематикалық тілінің бұзылуы

Дизартрия

Тұтықпа

Сөйлеу тілінің жалпы бұзылысы ІІІ деңгейі күрделі дислалия

Фонетико – фонематика қосымша күрделі дислалия
Логопедиялық бөлімге тіркелген оқушыларға топтық және жеке сабақтар жүргізілді. Жүргізілген сабақтар 
күнтізбелік жоспарға сәйкестендіріліп, оқушылардың жеке даму жоспарына тіркеліп отырды. Оқушылардың 
сабағы аптасына 2 – 3 рет сабақ кестесі нәтижесінде құрылды. Сонымен қатар 2018 – 2019 оқу жылында 
дефектолог – логопед көмегін қажет ететін балалар тізімі мен сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға 
арналған түзету дамыту жұмысының жоспары құрылып логопед көмегін қажет ететін балалар анықталып 
олардың ата – аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жылдың соныңда диагностикалық тексеру жүргізіліп, логопедиялық бөлімге тіркелген оқушылармен 
жүргізілген жұмыс сарапталып талдау жасалынды.
Қалыпты сөйлеу тілі деңгейінде 1-4 сынып аралығындағы 10 оқушы меңгеріп, логопедиялық бөлім есебінен 
шығарылды. 
Түзету – дамыту бағыты бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есте сақтауы мен қабылдауын 
дамыту, сөздік қорын дамыту, фонематикалық қабылдауын дамыту мен тілдік анализ бен синтезді жетілдіру, 
ұсақ моторика мен қол – саусақ моторикасын дамыту, артикулияциялық моториканы, психологиялық
қызметтердің құрлымдармен жұмыс, ойлау қабілеттерін дамыту және т.б. бойынша топтық және жеке сабақтар 
7


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
жүргізілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және сөйлеу тілі бұзылыстарына сәйкес коррекциялық 
бағдарламалар жасалып, әр бір баламен жекелей жұмыстар жүргізілді.
Әр сыныптан жас ерекшелігі әр түрлі жолдама алынып келгеннен бастап қойылған диагнозы бойынша сабақ 
өтілді.Оқушыларға сабақ кестелері қойылып жұмыс жоспарымен жүргізілді.
2019 – 2020 оқу жылында ПМПК қорытындысы бойынша логопедиялық жеке сабаққа 15 бала тіркелді.
Қорытынды: 
Логопедтің көмегін қажет ететін балалардың көрсеткіші оқу жылының басына қарағанда 
жақсарды. Балаларға әлі де түзету жұмыстары жалғасады.
* * * * * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет