Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 Сабақ үстінде грамматикалық тапқырлық ойындарын жүргізу



Pdf көрінісі
бет38/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

6. Сабақ үстінде грамматикалық тапқырлық ойындарын жүргізу.
Мұндай әдісті әрбір мұғалім сабақ үстінде 4-5 минут ара-тұра жүргізіп
қоюға болады. Мұның жүргізілу тәртібі мынандай: оқушыларға жұмбақ
сұрау қойылады. 
Мұғалім: - Оқшау сөздерден басқа сөйлем басында қандай сөздерден
кейін үтір қойылады?
78


Оқушы: - Сабақтас сөйлемдерде басыңқы сөйлемнің бастауышы
басыңқы сөйлемнен бұрын тұрса, одан кейін үтір қойылады. 
Мұғалім: - Екі жағынан да үтір қойылатын сөздер бар ма?
Оқушы: - Бар. Оқшау сөздер сөйлемнің ортасында келсе екі жағынан
да үтір қойылады және сөйлем ішінде оқшауланған айқындауыш мүше келсе,
екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы: «Кел, балалар, оқылық! Аманның
бұл айтқаны, әрине, дұрыс» деген сөйлемдерден «балалар», «әрине» деген
сөздер – оқшау сөздер. Олардың екі жағынан да үтір қойылады. т.б. «бүгін,
15-наурыз күні, мектепте жастар ұйымының жиыны болады». Мұнда «15-
наурыз күні» деген сөз – оқшауланған айқындауыш мүше. Оның да екі
жағынан үтір қойылады. 
Мұғалім: - «Астық-Отанға», «Көптің ісі – көл» деген сөйлемдерге
қойылған сызықша қандай ережеге байланысты қойылған?(сөйлем тақтаға
жазылып қойылады не газет пен журналдардың бірінен сондай тыныс белгі
қойылған екі сөйлем қатар көрсетіледі). 
Оқушы: - Екеуі екі ережеге байланысты қойылған «Астық -Отанға»
деген сөйлемнің баяндауышы түсіріліп айтылған. Баяндауышы түсіріліп
ықшамдалған сөйлемдерге сызықша қойылады. «Көптің ісі – көл» деген
сөйлемдегі сызықша – бастауыштан кейін қойылатын сызықша. Бұл
сөйлемнің бастауышы да (көптің ісі), баяндауышы да (көл) атау тұлғада.
Сондықтан бастауыштан кейін сызықша қойылған. 
Сабақ үстінде 4-5 минуттық мұндай грамматикалық ойындар жүргізу –
оқушыларды сабаққа қызықтырады, ынтасын арттырады. Оқушылардың
жалықпауына, ойнай отырып-ақ ойлауына әсер етеді. Сөйтіп теориялық
білімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйретеді. Сондықтан тыныс
белгілеріне байланысты көптеген жаттығуларды тиімді пайдаланып отырса,
сөз жоқ, оқушылар білген үстіне біле беретін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет