Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Сыныптан тыс тіл дамыту жаттығулары



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Сыныптан тыс тіл дамыту жаттығулары.
Әңгімені әрі қарай
жалғастыру. 
Ғазизаның балалары
Ғазизаның үш баласы бар. Өзі заводта жұмыс істейді. Жұмысқа
кезекпен барады. Таңертеңгілік қоңыраулы сағатпен тұратын. 
Үйде оңаша қалған балалар кейде асыр салып еркінсіп кетеді. Бүгін де
ойынның қызығына батгы. Кітап тұратын сөренің жанында ойнап жүріп,
балалар оны құлатып алды. Кітаптар жерге түсіп, шашылып қалды.
Бәрінен бұрын оның үстіндегі қоңыраулы сағат қирады. (М.Төрежанов) 
Сұрақтар арқылы әңгіме құрау. Жоспар бойынша түлкі туралы әңгіме
құра. 
1. Түлкі қандай аң? 
2. Оның түсі мен құйрығы қандай? 
3. Ол қандай жерді мекендейді? 
4. Түлкі немен қоректенеді? 
87


Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға
байланысты жасалған жаттығулар жүйесі оқушының мұғалімнің бағыт-
бағдар беріп отыруы арқылы өз бетімен орындайтын танымдық қызметіне
сүйенеді. Оқушылардың түйсіну, қабылдау, ес, қиял. зейінін теориялық білім
алу барысында дамытуда, жеке басының эмоциялық ерік сапаларын, ерік,
сезім, психикалық қасиеттерін, темперамент, мінез ерекшеліктері мен
адамгершілік, гуманистік бағытта дамытуда ойын жаттығулар грамматикалық
ребустар, танымдық викториналар, графикалық модельдер жасатуға үйрету
жаттығулары ерекше орын алады. Ғалым Н.Құрманова: ойын жаттығулары
оқушының қоршаған ортаға қатынасы ретінде дүниетанымына, теориялық
ойлауының дамуына әсер ететін әрекет. Ол оқушының психикасының
дамуында ерекше қызмет ретінде, оқушы әлеуметтік тұрғыдан тапсырылған
әрекет түрінде танылып қызмет етуі керек дейді [57,277]. Ойын жаттығулары
топта, сыныпта сенімділік қалыптастыруға негіз болып, жеке тұлғаның
дамуына ықпал етеді. Оқушының қиялы мен еркін, шығармашылық ойлауын
дамытады. Мысалы: «Орнын тап» - ойын жаттығу.
«Орнын тап» ойыны оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қатысымдық белсенділіктерін apтrыpy мақсатын көздейді. 
Ойын-жаттығудың шарты: әр топқа 1 сөйлемнен жазылған қима қағаз
таратылады. Олар сөйлемді оқып. естерінде сақтаулары қажет. Берілгеп
сөйлемді басқа топтың балаларына көрсетуге болмайды. 1 минуттан кейін
мәтінді кезекпен сазына келтіріп оқиды. Қатысып отырғандар оқушылардың
оқығаны жөнінде өз пікірлерін айтады. Ойынға қатысушыларға кімнің
оқығаны ұнаса, сол бала жеңімпаз атанады. Бұл тыныс белгіні мәнерлеп
оқумен байланыстыруда қолданылады. 
2. «Жайылымға айналдыр».
Ойын-жаттығудың шарты: Оқушылар берілген сөздерді («қатты»,
«балалар», «тез», «дүкенге») пайдаланып, төменгі сөйлемдерді жайылма
сөйлемге айналдырып жазады: «Демалысқа шықты. Жарас қуанды. Сатушы
келді. Сәуле жазды». 
3. «Баяндауышым қайда?» 
Ойын-жаттығудың шарты: Өлең мәнерленіп оқылып болғаннан кейін,
тақтаға мынадай кесте ілінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет