1. Баяндауыш болатын негізгі сөз табы етістік. Мысалы: Ерте
тұрғанның құты артады. (Ж.Баласағұн). Құты қайтеді?
- артады - дара,
етістікті, (-ды) жіктік тұлғалы - баяндауыш.
2. Зат есімнен болады. Еңбек, оның ішінде,
өнерлі еңбек - бақыт
(Мақал). Еңбек не? - бақыт - дара, зат есімді - баяндауыш.
3. Сын есімнен болады. Ары таза адамның жаны - таза. Жаны қандай? -
таза - дара, сын есімді - баяндауыш.
4. Сан есімнен болады. Еріншектің ісі - екі. Ісі қанша? - екі - дара, сан
есімді - баяндауыш.
5. Есімдіктерден болады. Игіліктің түйіліп қалған жері де осы (Ғ.М.).
Жері қайсы? - осы дара, есімдікті - баяндауыш.
6. Үстеуден болады. Адал еңбектің абыройы жоғары (мақал). Абыройы
қалай? - жоғары дара, үстеулі - баяндауыш.
7. Шылау сөзден болады. Оның бәйге алғаны жақсы істегені үшін
(Ғ.М.). Жақсы қайткенi үшін - істегені үшін - мұнда шылау өзінен бұрын
тұрған сөзге шылау болып тұрып, баяндауышқа элемент болуда.
Кей кезде шылаулар жеке тұрып та баяндауыш бола алады. Мысалы:
Оның келуі кейін. Айтарым сол (Ғ.М)
Достарыңызбен бөлісу: