жазып, ережесі талданған сөздің астын сызып, белгілейді. Оқушылар түгел
жазып болған соң,
бір оқушы тағы оқып шығып, қандай сөздердің астын
сызғандығын, оның жазылу емлесін айтып береді. Қалған оқушылар
өздерінің жазғандарын тексеріп, жіберген қателері болса, түзетеді.
Ескерту диктантын тақтаға да орындаттыруға болады. Бұл элементтер
қазіргі кезде сабақтың бекіту кезіндегі оқушылармен жаттығуды тақтаға
жүргізуде қолданылып келеді. Бұған, көбінесе
оқулықтағы әр тақырыпқа
берілген жаттығулар, сол сыныпқа арналған дидактикалық материалдар
пайдаланылады.
Ескерту диктантын тақтаға жазып та тексеруге болады немесе тақтаға
жазбай-ақ оқыту, есіту арқылы да тексереді.
Ескерту диктантын әр түрлі орфографиялық ереже бойынша жиі-жиі
өткізіп отырылады. Бұл диктанттың артықшылығы – оқушылар сөзді естілуі
бойынша ғана жазбай,
сөздің құрамын, грамматикалық, орфографиялық
ережелерді естеріне түсіріп, саналы түрде жазатын болады.
Өздік диктант
Өздік диктантты оқушылар мәтінді мұғалімнің айтуы бойынша емес,
өздігінше жатқа жазады. Өздік диктантты жаздырудың бірнеше жолы бар.
Бірінші, өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант мәтінін
тақтаға жазады, жеке сөздердің жазылуы, грамматикалық ереже түсіндіріледі.
Мәтінді оқушылар бірнеше рет оқып, жаттап алады. Содан кейін тақтадағы
мәтіннің беті жабылып қойылады да оқушылар оны жатқа орындайды.
Екінші, мұғалім мәтінді оқулықтан,
кітаптан, газет-журналдан үзінді
көрсетіп береді. Мәтінді оқушылар бірнеше оқып қайталаған соң, кітап,
оқулық т.б. жабылып оқушылар жатқа жазады. Соңынан мәтінмен
салыстырылады.
Үшінші – оқушыларға жаттаған өлеңдерді,
қара сөздерді жатқа
жаздыру. Өздік диктант арқылы оқушылардың өткен сабақты меңгергенін
ғана емес, орфографиялық және синтаксистік ережелерді қалай ұғынғанын,
оларды тәжірибеде қалай пайдалана білетінін байқауға болады.
Өздік диктанты оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайтуға
көмектеседі. Өздік диктантта оқушылар өтілген материалдарға байланысты
өздері білетін сөз бен сөз тіркестерін, тұрақты сөйлемдер мен
жаттап алған
өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойланып
отырып жазады.
Диктанттың бұл түрінің де, өткенді қайталап, тіл ұстартуда да маңызы
бар. Мұғалім өздік диктантын қай күні жүргізетінін, өтілген материалдардан
нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп отырады.
Сонда олар дайындық кезінде өздерінің
бұрынғы жазу жұмыстарында
жіберген қателерінен әлі біліп үлгермеген сөздерін және сол сияқты шала
жаттаған өлең, жұмбақ, мақалдар мен ережелерді қайталап жаттап келеді.
Мысалы, оған мынадай мәтіндерді алуға болады:
V сынып. Жалпы және жалқы есімдердің жазылуы
94