Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Жақсылық күткен жандарға жамандық жасама



Pdf көрінісі
бет58/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Жақсылық күткен жандарға жамандық жасама. 
Мақал 
1.1. Сөйлемде бір ғана тыныс белгі бар. Ол - нүкте. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - бұйрықты сөйлем. Себебі,
біреуге бұйыру мағынасында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем дегеніміз –
біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. 
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы
сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен
айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте (.) я леп белгісі (!)
қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай
тұлғасына тілек-өтініш мәнді -шы, -ші жұрнағының үстелуі арқылы
жасалады. 
Баршаңызды жақсы тілек, үкілі үміттерге толы Жаңа жыл мерекесімен
кұттықгаймын! Еліміздің өркендеуі мен іргесінің берік болуына сүбелі үлесін
қосып жүрген абзал азаматтардың әрбір басқан қадамына сәттілік пен
еңбектеріне жеміс тілеймін! Тауық жылында табыс мол болсын!
Н.О.Омашев. 
Бұл сөйлемдер айтылу сазы мен мазмұнына қарай - лепті сөйлемдер.
Лепті сөйлем дегеніміз - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу,
өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс
ырғағын сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. 
Лепті сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: 
а) Жай сөйлемнің түрлеріне қарай - жайылма. Себебі тұрлаулы
мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар. Жайылма сөйлем дегеніміз -
тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. 
ә) Толымды. Себебі, ойға қатысты сөйлем мүшелері толық. Толымды
сөйлем дегеніміз - сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиісті мүшелері түгел
жай сөйлем. 
б) Жақты. Себебі бастауыш бар және айқын. Жақты сөйлем дегеніміз –
бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы
табуға болатын жай сөйлемнің түрі. 
Мұң мен зарды қырымға қыранша қараған жеңеді.
а) Қырымға қараған қайтеді? - жеңеді - дара, етістікті, (-ді) жіктік
тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Жеңетін кім? - қырымға қараған - күрделі, құранды, (-ған) есімше
тұлғалы - бастауыш. 
б) Нені қыранша қараған жеңеді? - мұң мен зарды - бірыңғай, зат
есімді, (-ды) табыс тұлғалы - тура толықтауыш. 
в) Қалайша қырымға қараған жеңеді? - қыранша - дара, қимыл-сын
үстеулі - қимыл-сын пысықтауыш. Себебі қимылдың амалын білдіріп тұр.
Пысықтауыш дегеніміз - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын,
мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті?
106


кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше
рет? деген сұрақтарға жауап береді. 
Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс,
шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім,
етістіктің көмекше түрі, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз
бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын, бірге, қабат,
қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасыңда, үшін, сайын септеулік
шылауларының тіркесінен құралған тізбектерде де пысықтауыш қызметін
атқарады. 
Пысықтауыш барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің біріңде тұрған
сөзден немесе негізгі сөз бен септеулік шылаулардың бірі тіркесінен
болғаңда, пысықталатын сөз арасындағы байланыс меңгере де, ешбір
жалғаусыз, септеулік шылауларсыз қабыса байланысады. Үстеуден болған
пысықтауыштар өзі пысықтайтын сөзімен іргелес те, алшақ та тұрып
байланыса береді. 
Пысықтауыштың құрамына қарай: дара, күрделі.
Мағынасына қарай:
1. Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не
арқылы? деген сұрақтарға жауап беріп, көбіне-көп етістіктің көсемше
түрінен, қимылсын мөлшер үстеулерінен, сын есімнен, сан есімнен, көмектес
септік жалғаулы сөзден, негізгі сөз бен арқылы шылауынын тіркесінен
болады. 
2. Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға
шейін? деген сұрақтарға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді
сөздер мен тіркестерден, негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман,
бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септeулік шылаулардың
тіркесінен болады. 
107
Баяндауыштар құрамы
жағынан
Дара
Күрделі
Дара баяндауыштар бір
сөзден жасалады.
Күрделі баяндауыштар күрделі
сөздерден күрделі етістік, күрделі
есімдерден жасалады.


3. Мекен пысықтауыш қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрақтарға
жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс ceптiктeгi сөздер мен
кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады. 
4. Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? деген сұрақтарға
жауап беріп, барыс, жатыс, шығыc септіктегі eciмшe мен есім сөздердің үшін
шылауымен тіркесінен болады. 
5. Мақсат пысықтауыш не мақсатен? неге бола? неге? не үшін? деген
сұрақтарға жауап беріп, мақсат үстеулерінен, есім сөздерге үшін шылауының
тұйық етістік пен көмектес септігіндегі зат есімнің және барыс септіктегі сөз
бен бола шылауының тіркестерінен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет