Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Жанды сөздің жалынын білім маздатады



Pdf көрінісі
бет61/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Жанды сөздің жалынын білім маздатады. 
(Ж.Баласағұн)
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөзде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері: а) жайылма; ә) толымды; б) жақты. 
1.5. Сөйлем мүшелері: 
а) Жалынын не істейді? - маздатады - дара, етістікті, (-ды) жіктік
тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Маздататын не? - білім - дара, зат есімді, атау тұлғалы «(8) -
бастауыш. 
б) Несін білім маздатады? - жалынын - дара, зат есімді, (-н) табыс
тұлғалы - тура толықтауыш. 
в) Ненің жалылын маздатады? - сөздің - дара, зат есімді, (-дің) ілік
тұлғалы - меншіктік анықтауыш. 
г) Қандай сөздің? - жанды - дара, қатыстық сын есімді - қатыстық
анықтауыш. 
Сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай
талдаймыз. 
1. Қиысу 
1. Жалғаулар арқылы 
2. Meңгepy 
2. Шылаулар арқылы 
3. Матасу 
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы 
4. Қабысу 
4. Интонация арқылы 
5. Жанасу 
1.6. а) Білім маздатады. – қиысу. Себебі бастауыш пен баяндауыш жақ-
жағына, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр. Тәсілі жалғаулықты.
қиысу дегеніміз - бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы 1-2-3
жақтарда жекеше я көпше түрде байланысуы. 
110


ә) Білімін маздатады - меңгеру - бағыныңқы сыңары табыс септігінде
тұрып, басыңқы сыңарымен меңгеріле байланысып тұр. Тәсілі жалғаулықты.
Меңгеру дегеніміз - сөздің бағыныңқы сыңарының атау мен ілік сетігінен
басқа септік жaлғауларының біреуінде келіп немесе шылаулар арқылы
байланысады. 
б) Сөздің жалыны - матасу. Себебі бағыныңқы сыңары ілік септігінде,
басыңқы сыңары тәуелдік жaлrауында тұрып, матаса байланысып тұр. Тәсілі
- жaлғаулықты. Матасу дегеніміз - ілік септікті жалғаулы сөз бен тәуелдік
жалғаулы сөздің байланысу түрі. 
в) Жанды сөз - қабысу. Себебі сөздер қатан орын тәртібі арқылы іргелес
тұрып, қабыса байланысады. Тәсілі - орын тәртібі. 
ІІ-сызба. Сөйлемге толық сатылай кешенді талдау жасаудын үлгісі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет