шығады Өй қыздар қыздар ау енді жетеді қайтайық деп айқайлады Нұрби
Қайтайық жүр кеттік Қыздар жапатармағай таудан төмен қарай бет
алды Поселкеден әлдекімнің айқайы тағы естілді Қыздар тұра қалып
құлағын тосты Не дейсің катты айқайла Бұл қыздардың даусы еді
Таңертеңгі таза ауада таудағы дауыс бұрынғыдан екі есе жаңғырығып
бүкіл таудың кең кеудесін дірілдетіп барып бірақ тоқтады Жеңіс Бұл сөзді
қыздар бірден түсінбеді Қайталап айт Тау да қайталап қайталап айт деп
барып тоқтады Жеңіс Жеңіс Кыздар енді ұқты Құлаған-сүрінгеніне
қарамай ылдиға қарай домалай жөнелді. (С. Бақбергенов. )
2-тапсырма.
а)
Мәтіннен
тыңдау, түсіну, ұқпау
сөздерінің синоним-
дерін тап.
ә) Мәтіннен ауыспалы
мағынадағы сөздерді тауып, тура мағынасын
көрсет.
3-тапсырма.
"Қуанышты" сөйлемдер қалай жасалатынын түсіндір.
(Бұл тапсырманы да оқушы жазбаша орындайды. )
4-тапсырма
. Кітаптың (көп кітап)
суретін салып, сұрау белгісін (?)
қойып кою керек,
оқушы сол бойынша әңгіме құрап, оны сұрақ-жауап
түрінде жасайды.
5-тапсырма.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіріп,
мәтінді жазылу ретін сақтап көшір.
Кім бар-ау деп дауыстады Нұрмолда Нұрмолда төрт керегелі аядай
қараша үйге иіліп әрең-әрең енді Мұқажанның келіншегі Жұлдыз болса орнынан
жалма-жан тез тұрып, іргеге қарай ығыса түсіп, иіліп сәлем етті Келін
қалқам сау-саламат па деді Нұрмолда Шүкір деген сөзді естілер-естілмес етіп
Жұлдыз әрең айтты Қонақ төр алдында төсеулі жатқан екі бүктеулі
алабажақ шыт көрпенің үстіне отырды Ал балалар қайда Мұқажан келін
екеуің ғана ма жайлауда Балалар ауылда Оқитыны бар шығар Екеуі оқиды
Қанша балаң бар Жетеді аға бесеу-алтау Өте жақсы екен Мырзабай
марқұмның тұқымын көбейтіп жатырмын де, дұрыс дұрыс-ақ (С.
Бақбергенов. )
6-тапсырма.
1. Мәтіннен
кішкентай, ұрпақ, кіру
сөздерінің
синонимдерін тап. 2.
Азайту, қате
сөздерінің антонимдерін көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: