Сабақтың барысы.
Сабақтың мақсатын айқындау:
а) тыныс белгілерін дұрыс танып оқи білу, дайын мәтінді ырғағына
келтіре оқи білу – үлкен
шеберлік, сауаттылық, мәдениеттілік екенін еске
ұстап, соған жаттығып, есте сақтауға тырысу;әңгіме сол туралы болатыны
ескеріліп, "Ақтайлақ би мен Қанай шешен" мәтіні оқылады.
Ақтайлақ би Қанай шешенді сынамақ болып:
Ер басында бақыт нешеу?
— Кемдік нешеу?
— Құлазу нешеу? – деп сұрайды.
Сонда қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:
— Ер басында бақыт – бесеу,
— Кемдік – үшеу,
— Құлазу – төртеу. Енді атап-атап айтайын:
— Астыңдағы атың жүрдек болса, Жалғанның
пырағы.
Алғаның жақсы болса, Үй мен конақтың тұрағы.
— Әкең – асқар тау, Шешең – қайнар бұлақ.
— Балаң жақсы болса, Екі көздің шам-шырағы. Міне, бес бақыт – осы.
Риторикалық сұрақ Таңырқаулы сұрақ
Күмәнді сұрақ
Міне, осындай сұрақ-жауап арқылы талдаудан кейін, мұндағы сұрау
мәнді сөзді тауып, оған байланысты сұрау белгісі қойылып тұрғаны, мәселе
сұрау белгісінің графикалык таңбасында емес, оның ішкі мағынасында
екендігі түсіндіріледі.
3. Леп белгісі лепті және тілек, өтініш, ашық бұйрық, жекіру сияқты
мағыналарды білдіретін сөйлемдерден кейін де қойылады.
Лепті сөйлем – белгілі шындық құбылыс туралы, белгілі субъект
жайында айтушының эмоциялық қатынасын, сезімін, көңіл күйін үстемелей
не арнайы білдіретін сөйлемдер (О. Төлегенов).
Құрылысына қарай лепті
сөйлемдер көбіне толымсыз сөйлем ретінде кездеседі, сөйлеу типіне және
мағыналық ерекшелігіне байланысты толымды да, құрмалас та болады.
Мысалы:Қанша жортсаң да, су төгілмес сұлу жүрістен бір жаңылмайды-ау,
жануар! (құрмалас сөйлем. ) Мен туралы ол жақтағы ел де естіген екен-ау!
(Толымды сөйлем. ) (Қ. Жұмаділов).
Оқушыларға лепті сөйлемдердің көбіне ауызекі сөйлеу стиліне тән
екендігі, сондықтан көркем әдебиетте, оның ішінде диалогте көбірек
кездесетіні,
сондай-ақ поэзияда, баспасөз стилінде де ұшырасатыны
айтылады. Бұл ерекшеліктерді игерту үшін сөйлемдер беріп, лепті сөйлемді
танытатын айрықша белгілерді ереже түрінде анықтатамыз:
118
-
Саңылаусыз наданды
Болар ма екен жан деуге?
-
Менің саған
бермейтінім
болар деймісің?
Елді көрер күн болар ма?
екен?
1. Таңқалуды білдіріп: Масалы: Одағай. Апырай, өзің бір қатерден
қалыпсың! (Қ. Жұмаділов).
2. Қандай, неткен сияқты есімдіктер. Жұлдыздар қандай жарық еді!
3. Ғажап, керемет сияқты сүйсіну, таңдану мағынасы бар сөздер.
4. - Ғажап! –деді ұзын сирақ Ұзақбай.
5. -Керемет! – деп қайталады оны Төкен. (Ы. Кененбаев).
Оқушы осыларды еркін ажырата білуі керек, бұларға байланысты
дауыс ырғағы да қуанышты, ренішті, ризалық мәнді, өкінішті т.б. болып
бөлінетінін байқай алуға да міндетті. Әдетте
мұндай сөйлемдердің бәрін
«лепті» деген бір атаумен атап өте шығамыз. Оқушы осы
«лепті» , «көңіл
күйді»
білдіреді дегендерді нақты сезініп, түсінгенде ғана леп белгісін қандай
себептерге байланысты, қайда қоятынын игереді.
Оқулықта алдымен леп белгісі қойылған жаттығулар берілген. Оларды
мәнеріне келтіріп оқу қажет; екіншіден, леп белгісін қоюға себеп белгіні табу
керек; содан сөйлемдерді көңіл-күйді білдіру белгілеріне қарап топтастыруға
болады. Мысалы:
—
таңдану мәнді сөйлемдер, бұл мағына қандай сөз арқылы беріліп
тұрғанын таптыру;
—
сүйсіну мәнді сөйлемдер;
—
ризалық мәнді сөйлемдер;
—
ерекше қуаныш мәнді сөйлемдер;
—
өкініш мәнді сөйлемдер;
—
алғыс, бата, тілек мағыналарын білдіретін сөйлемдер сияқты етіп
бөліп алып, олардың әрқайсысында осы мағыналарды білдіруші сөздердің
бар екендігі, адамның көңіл күйінің көрсеткіші солар екені, леп белгісі
осыған байланысты қойылатыны талданып түсіндіріледі.
Бұдан соң лепті сөйлемдерді жасаушы одағайлардың өзін де осындай
топтарға бөліп, оқушылардың өздеріне кесте жасатып, мағынасы бойынша
соларға бөліп жаздыртып, сөйлем құрату да тиімді. Мысалы, жазушы
Қ.Ысқақовтың "Қоңыр күз еді" хикаятында мынадай бір үзінді бар... .
Көңілдің де қысы, жазы, көңілдің де көктемі мен шуағы бар. Тіршілікте тар
кеуде өмірдің қай қиясы өшпестей із қалдырса, сол бір сәт те ғұмыр бойы
адам сарайында, тоқпақтай жұмыр басында жатталып қала беретін сияқты.
Жыл өткенде еске түсіріп отырсақ, соның ішінде не қам көңіл шақ немесе
ләззат айлары ойға алдымен сап ете қалады. Бұдырсыз бұлдыр кезеңі жан
жаратылысының аласапыран мезгіліндей сан қиналып-толғансаң да, екінші
қайтып елес тастамай-ақ жым-жылас күйінде өте шығады. Бұл бір көңілдегі
де, көкіректегі де, тіршіліктегі де бос орын тәрізді пенденің, зерденің тоқыған
ұзын арқауының өз бойындағы бір үзік іспетті...
Бұл мәтінді талдаудың қажеті жоқ, бұл
тек адам көңілі де жаздай
шуақты, көктемдей таза, күздей көңілсіз, қыстай суық болатынын ескерту,
көңіл күй, эмоция дегенді дәлелді түрде түсіндіру үшін керек. Осы әр алуан
көңіл күй сіңіру – маңызды нәрсе. Ол үшін төмендегі кестені іліп, көңіл-
күйді білдіретін сөздерді еске түсіріп алып, оларды пайдаланып, берілген
тақырып бойынша ой толғау, жасату
119
Сүйсіну, таңдану
мәнді
сөздер
Есімдіктер
Демеулік шылаулар
Жаттығулар жүргізіледі:
1. Төмендегі сөйлемдерден лепті сөйлемдер құрау керек, ол үшін
одағайлардың, басқа есімдіктер мен шылаулардың бірін қолдану керек.
Сөйлемдерің қуанышты, ренішті, өкінішті, таңдануды т.б. білдіретін
болсын деген тапсырма беріледі.
1. Танауыңды жарған хош иісті гүл.
2. Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.
3. Ертеңінде ерекше бір әсем үннен ояндық
4. Атамыз қазақ аққуды атпайды.
5. Оның сөзін бәріміз де естіп жатырмыз.
7. Көл бетінен қорқынышты еш нәрсе байқалмайды.
8. Тағы да үнсіз Жасылкөлге тесіле қарады.
(Ы. Кененбаев. )
2. Мына сөйлемдерден көңіл күй мәнді сөздерді алып тастап, сөйлемді
қайта кұрап, өзгерісті байқа. Енді қандай тыныс белгісін қоясың? – деген
сияқты оқушыларға тапсырма беріледі.
1. Ақ төсінен кербез керілген талша мойындары неткен сұлу еді!
2. Бәлі, мына сәттілікті қараңыз!
3. "Жасылкөл" деп қалай тауып атаған!
4. Пай, пай! Жаннат қой
мына жер, жаннат!
5. Айнадай жалтыраған айдын көлге ақ төсін төсеген қос аққу кандай
жарасады!
6. Қайран, кешегі ерке Тасбұлақ! Тастан-тасқа секіріп, ақ моншақтан
көбік атып, ауылды жара, еркелей ойнап өтетін Тасбұлақ!
(Ы. Кененбаев. )
Сөйлемдердің айтылу мақсаты өзгеруіне байланысты олардың тыныс
белгілері өзгеретініне окушылардың өздері көз жеткізеді. Ең бастысы –
оқушы сөйлемді емін-еркін өзгертіп, түрлендіре алса, бұл оның тыныс
120
-ай, -ау, -ақ
Ғажап, керемет, тамаша
Қандай, неткен, не деген
Достарыңызбен бөлісу: