Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет49/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Көру диктанты
Бұл диктант өтіліп, үйретіліп отырылған тақырыпқа байланысты нысан
материалдарды сынып оқушыларына көрсетіліп түсіндіруден басталады.
Мұнда оқушы ережелерді игергеннен соң, соған байланысты мәтінді көріп,
оқып, бақылау арқылы есте сақтай отырып жаздырылады. 
Диктант оқушылардың көру, есте сақтау, тану қабілетін дамыту
мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын байырғы сөздер,
термин сөздер, сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал-мәтелдер,
92


жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады. 
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе бұрыннан үлкен
қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып
шығуына, асықпай көріп, жадына сақтауына 2-3 минут уақыт беріледі. Содан
кейін тақтаға жазылған мәтінді мұғалім жауып қояды. Оқушылар көрген,
оқыған мәтінін есіне түсіріп дәптерге жатқа жазады. Мұндай материалдардың
құрамына жазылуы қиын сөздерге қоса назар аударуға тиісті ережелері бар
термин сөздер болса, мұғалім оларға назар аударуды талап етеді. Бұл үдерісті
компьютермен орындаттыруға болады.
Көру диктантын алғаш жаздырған кезде оқушылар сол сөздерге,
сөйлем мен нысанға назар аударып, көңіл бөлу арқылы есте сақтауға
дағдыланады. Жаттауға сүйеніп жазылады. Көру диктантына мынадай
мәтіндер алуға болады:
V сынып. Антонимдерге байланысты мәтін. 
І. Ағаш кессең, ұзын кес, 
Қысқартуың оңай. 
Темір кессең, қысқа кес, 
Ұзартуың оңай (мақал). 
2. Жоғары, төмен, үйрек, қаз, 
Ұшып тұрса сылпылдап (А)... 
Қарапта сөз және оның тыныс белгілері бойынша:
Тоқтай тұр, достым, өткенге ой жіберіп қарашы өзің: Қайтып көрер
есігіңді қатты серіппес болар, қарындас. Атайдың өлеңдерін әнге қосып,
домбырамен айтсаң қайтеді, жезде. Қал-жай өзіңе белгілі ғой, Сәмен
қарағым, өзің түсіндіріп айта бермейсің бе?. . 
VI сынып. Етістікке байланысты. 
Қар еріп, сай-сала сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі
жаршысындай болып тыраулап тырналар келді. Оның алыстан талып жеткен
үнін естігеннен, көзің бірден шалына қоймайды. Сонау көз ұшында
тізбектеліп ұшқан тырналарды сонда ғана көресің... 
7-9 сынып. 
Сызықша қойылған сөйлемді жазыңдар. 
Байлықтың атасы – еңбек, анасы жер. Өнерлінің өрісі ұзақ. Ел үмітін ер
ақтар, ер атағын ел сақтар. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.
Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде. Басы аманның малы түгел.
Аузы күйген үріп ішер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет