Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Бөлім: «Кеңістік
пен уақыт»
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы: 11
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Атау кере» романы және менің шығармашылығым
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
|
Сабақ мақсаты:
|
Шығарманың көркемдік құндылығына баға бере отырып, әдеби эссе жазу
|
Бағалау критерийі
|
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды
Шығарма үзінділеріне баға береді
Шығарманың көркемдік сипатына баға бере отырып, әдеби эссе жазады.
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға «Атау-Кере» қойылымынан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көрген оқушылар оқиғаға қатысты пікір білдіреді. \
Үзінді шығарманың қай бөлігі бойынша?
Үзіндіден не байқадыңыз?
Нюра апайдың соңғы сөзіне қатысты пікіріңіз қандай?
Үзіндімен «Атау-Кере» ұғымын байланыстыруға болады ма? Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.
|
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларға «Атау-Кере» қойылымынан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көрген оқушылар оқиғаға қатысты пікір білдіреді.
|
Қалыптастырушы бағалау.
ҚБ
|
https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE
|
Сабақтың ортасы
| ІІ. Мағынаны тану. Тапсырма
Жұптағы оқушыларға мақала үзінідісі таратылады. Мақала мазмұнымен танысқан оқушылар талқылау сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасады.
Талқылау сұрақтары:
Автор шығарма идеясын ашу үшін қандай тәсілдерді қолданады?
Авторға тән қандай ерекшелік байқадыңыз?
Шығарманың көркемдік құндылығына қандай баға берер едіңіз.?
«Атау-кереде» бір шоғыр жан ортадан оқшауланып өмір кешіп жүр. Әрқайсысының өзіндік себебі бар. Шығармадағы орталық кейіпкердің бірі – Таған. Таған бейнесінде жазушы ХХ ғасырдың белгілі бір кезеңінде – тоқырау жылдары тұсында бел алып, орнығып қалған зардапты жайларды айыптайды.
Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. Жүрек қан жылайтын, күйзелетін ауыр күй. Ақиқат. Кеңестік кезеңнің бейбіт бір күндерде бел алып кеткен ауыр кесапаты.
Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. – Қайран, Алтай – сол Алтай – сол Алтайдың аяулы адамдары Тағанды да айықпас кеселден біртіндеп арылтады. Жазушы жас адамның арылу, таза-ру жолын шынайы, шым-шымдап баяндайды. Тағанға бала күнгі досы Ерік қай пиғылмен болса да қол созған.
Нюра кемпір мен Айнаның адамшылықтан озбаған ықылас, пейілі де дертке дауа, таптырмас ем болғаны рас. Жазушы шығарманың көркемдік желісіндегі мәнді арқау – маскүнем Тағанның жұмбақ тағдырын біртіндеп-біртіндеп ашады.
Оралхан Бөкей өзінің жазу машығындағы оңтайлы көркемдік тәсілдің бірі – ой ағынын пайдаланған. Бір жұтым сыраға үздігіп, өң мен түсті айыра алмай есалаң болып қалған, әйтеуір кеудесінде жан бар тірі өлік Тағанның сырын жазушы көпке шейін жасырып отырады. Бұл – маскүнем адамның болмысына орайластырылған шынайы өмірлік жағдайлардан туындаған логика.
Біртіндеп жаны тазара бастаған, ара-тұра табиғат тылсымымен тыныстап, дүниеге енді көз ашқан сәбидей таң тамаша қалып қарай бастаған Таған енді өзінің кім екенін, өткен оқиғаларды, бұл күйге қалай тап болғанын ойлай бастайды. Ойлана бастайды. Ол ойланбастан бұрын автор өзі кең толғап, арғы-бергідегі атамекен тағдырын, ұлт жайын, оның қазір тығырыққа түсіп, тыпыр ете алмай қалған халін жорналшы Оралхан Бөкейдің алымды мақамымен публицистикалық сарында көсіпкөсіп, шындықтың бетін біліп отырып баяндап, жүректі қапаландырған, қамаған ойларын төгіптөгіп алады.
Бір қызығы, бір қарағанда өзі іш тарта бермейтін кейіпкері Еріктің ойымен де бірталай шындықты жеткізеді. Соған қарағанда Ерік те тұра қашатындай тұғырсыз бейне емес. Еңбектің адамы. Бірақ ой-өрісі сараңдау көптің бірі.
Жазушы өз кейіпкерлерін жалғыз-жарым алып, шоқитып қана көрсетуден, бәріне жазықты етіп жерден алып, жерге салып айыптаудан аулақ. Әңгіме жалпыадамзаттық ауқымға ойысып кетіп отырады. Шындықтың төркіні қайда екені меңзеледі.
«Ол ойлағандай, дүниенің бәрі құрыған, тіршілік қуарған, су суалған жоқ еді. ... Табиғаттың ең ақылды да саналы түлегі болып есептелетін Адам, ең бір аңқау да ақымағы еді. БІЗДІҢ ақымақтығымызды Жаратқанның басқабасқа мүшелері – жанды, жансыз күн-түн, жылжыл, ғасыр-ғасыр сайын көзге шұқып, көрсетіп жатса да, жан кешті айқас пен айға шабар арынымыздан арылған емеспіз. Түп атамыз түркіден бермен түсін де, үнін де өзгертпей, мәңгіліктің қыл қобызы секілді Алтайды күйге бөлеген
Қатын өзені-ақ Біздің бейшара тірлігіміздің мазақшысы емес пе. Енді... енді ол қаһарлы Қатынға қылбұрау түсіп, дәл бауыздауынан бөгеп ГРЭС салмақ. Бұл хабардан осы өңірдің өр кеудесін жайлаған қазақтар хабарсыз еді. Өйткені жоспаршылар жойқын құрылыс саларда жергілікті халықпен ешқашан санасқан, ақылдасып, кеңескен емес. Есептемейді де, есептесе, есептен жаңылады. Алтайдың қос бұрымы бар десек, бірі мынау Қатын суы болса, екіншісі Бұқтырма болатын. Сол жарықтық Бұқтырманы бұрқатып бөгерде де сөйткен, тұрғылықты жұртшылықтан рұқсат сұраған емес, ал енді сол бөгесіннен пайда болған жасанды теңіздің астында не қалмады: атамекен, бабалардың бейіті, екі ауданның егістік жері қалды. Тәңірімау, толайым тарихымыз су астында қалды! Кәне осы сорақылықтан дүниенің қылшығы қисайғаны?! Әне, Қатынға да қауіп төнді. Асыл Қатын бұғауланбақ» (Бөкей, 2013: 190).
Жазушы Алтайдың сұлулығына сұқтана түскен санасы біртіндеп қайта жаңғырып, «адам болып» келе жатқан Таған таудағы Шал үйінен қайтарда осы бір ой тасқынын сел құйғандай төпелеп, өз уақытының көкейкесті, өзекті күйлерін төгіп-төгіп айтып алады да, әңгіме бағытын алаңсыз бір рахат күйге ойысқандай, жан түкпірін түрткілеген дүниелер бас көтере бастаған Тағанға қайта бұрады.
Табиғатқа еміне қарап, жігіт жан рахаты на кенелгендей бір күйге түскен. Газет оқып, радио тыңдамағанына қаншама уақыт бол ды. Осының өзі дұрыс па деп ойлады. Төрткүл дүниенің дүбіріне алаңдамайсың, дүрбелеңнен шошымайсың. Оңаша бір тыныштық. Ерік те бірдеңе білгеннен осылай жүр-ау. Денсаулық үшін де тау арасының оқшаулығы жақсы екен... дегендей ойлар баурайды Тағанды.
Баяғы біз көргеннен ойсыз, қамсыз маскүнем Таған енді арғы-бергіні ой елегінен өткізе бастайды. Оның жаны сауығып келе жатқанын жазушы ұтымды оқиға өрбіту, ой логикасы арқылы ашқан. Таған біртіндеп, күрделі кесек тұлғаға айнала бастайды. Ол ел қамын ойлаған азамат екен. Оның мұңы тіпті де жеке бастың қызығын қуалаған тар мүдденің мұңы емес екен. Таған – ұлы мұраттармен ұшқыр ғұмыр кешкен, тағдырлы, тарихы бай ұлтының ұлы. Жалпы адамзаттық ауқымдағы, әлем әдебиетіндегі әсершіл, әуес, әрекетті жас адамдардың өмір бұралаңдарындағы жан-күйі ашылған озық туындылардағы орталық кейіпкерлермен қандас, туыс тұлға. XIX ғасырда, одан бұрын да Батыс, орыс әдебиетінде қатар түзген қайшылықты өмір ағысында малтыған жас адамдар образының ортасына қосылуға қақылы бейненің бірі деуімізге де болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |