Мұғалімдер сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданады? •
Қазақстандық мұғалімдер TALIS-ке қатысқан ЭЫДҰ елдерінің мұғалімдері сияқты зерттеу аясында
сұралған көптеген оқыту әдістері ішінен сыныпта тәртіп орнатуға бағытталған және сабақтың мақсаты
мен қорытындысын белгілейтін тәсілдерді кеңінен қолданады. Мысалы, қазақстандық мұғалімдердің
42%-
ы сабақта тәртіпті бұзатын оқушыларды жиі тыныштандыруға тура келетінін айтты (ЭЫДҰ
елдерінде – 65%), ал мұғалімдердің 92%-ы жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысын жиі
түсіндіретінін хабарлады (ЭЫДҰ елдері бойынша – 84%).
•
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытатын әдіс-тәсілдер кеңінен таралмаған. Мұндай
әдістерді ЭЫДҰ елдерінде мұғалімдердің жартысына жуығы ғана қолданады. Қазақстанда
мұғалімдердің 75%-ы (ЭЫДҰ елдері бойынша – 45%) қиын тапсырмаларды шешу жолдарын
оқушылардың өздері іздеп табуына жиі ынталандыратынын айтты.
•
Қазақстанда мұғалімнің сабақ уақытының 79%-ы сабақ беру мен оқытуға жұмсалады, бұл ЭЫДҰ
елдерінің орташа көрсеткішінен (78%) сәл жоғары.
•
Соңғы бес-он жыл ішінде мектептегі сабақ беру мен оқытуға жұмсалатын уақыт TALIS-ке қатысушы
елдердің шамамен жартысында азайған.
•
Қазақстандағы мұғалімдердің 87%-ы өз оқушыларының жетістіктерін бақылау және жедел кері
байланыс беру арқылы үнемі бағалап отыратындарын айтты (ЭЫДҰ елдерінде – 79%). Ал
мұғалімдердің 51%-ы оқушыларды бағалау кезінде өздері құрастырған жеке әдістемелерін
қолданатындарын хабарлап (ЭЫДҰ елдері бойынша – 77%), мұғалімдердің 74%-ы оқушыларға өзін-
өзі бағалауға жиі мүмкіндік беретінін айтты (ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен – 41%).
•
Мұғалімдер мен мектеп директорларының басым көпшілігі әріптестерін өзгерістерге дайын деп, ал
мектепті озық инновациялық тәжірибелерді жүзеге асыруға жағдай жасалған орын деп санайды.
Сонымен қатар, қазақстандық мұғалімдердің 93%-ы олардың өздері және әріптестері жаңа
идеяларды жүзеге асыруда бір-біріне қолдау көрсететінін хабарлайды. Бұл көрсеткіш TALIS-ке
қатысқан ЭЫДҰ елдерінен жоғары (78%).
Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері