|
Байланысты: TALIS2018 CN KAZ
3
© ЭЫДҰ 2019
»
I
том: Мұғалімдер мен директорлар: өмір бойы білім алу
Мұғалімдер мен мектеп директорлары қандай дайындықтан өтеді?
•
Қазақстан мұғалімдерінің 85%-ы педагогикалық мамандық бойынша білім алғанда пән мазмұны
мен педагогика бойынша білім алып, мектепте
кәсіби
тәжірибеден өткендерін хабарлады. Бұл
көрсеткіш TALIS-ке қатысқан ЭЫДҰ елдерімен (79%) салыстырғанда жоғарылау. Қазақстандық
мұғалімдердің 67%-ы мектепте жұмыс істей бастағанда ресми немесе бейресми мамандыққа
кіріспе бағдарламасына қатысқанын айтты (TALIS-ке қатысқан ЭЫДҰ елдерінде – 42%).
•
ЭЫДҰ мемлекеттерінің мектеп директорлары тәлімгерліктің ұстаздар үшін және оқушылардың
үлгерімі үшін маңызы зор деп есептейтініне қарамастан, ЭЫДҰ елдері бойынша жас
мұғалімдердің (еңбек өтілі 5 жылға дейін) тек 22%-ының ғана тәлімгері бар. Қазақстанда бұл
көрсеткіш 59%-ды құрайды.
•
ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен алғанда мектеп директорларының білім деңгейі
мұғалімдерге қарағанда жоғарырақ. Алайда директорлардың тек жартысы ғана мектеп директоры
лауазымына тағайындалғанға дейін кемінде бір рет арнайы оқу курсынан немесе
бағдарламасынан өткен. Қазақстанда мектеп директорларының 25% (ЭЫДҰ елдері бойынша –
54%)
директор лауазымына тағайындалғанға дейін осындай оқу курсынан немесе
бағдарламасынан өткендігін, ал 25%-ы (ЭЫДҰ бойынша – 54%) көшбасшылық дайындығынан
өткені туралы мәлімдеді.
2-
сурет
.
Бастапқы
кәсіби дайындық және үздіксіз кәсіби даму
Зерттеу нәтижелері
5-
9 сынып мұғалімдері
мен мектеп директорларының жауаптарына негізделген
Ескерту: Тек деректері бар ғана елдер көрсетілген.
Дереккөз: ЭЫДҰ, TALIS-2018 деректер базасы, I.3.17, I.3.21, I.3.1, I.3.5, I.3.9 және I.3.13. кестелері.
|
|
|