А ГРА РЛЫ Қ РЕВОЛЮ ЦИЯ
жүйесінің үлгісі. Олардың көмегімен салық жазбаларын жүргізуге, ре-
цептер мен заңдарды қаттауға, сондай-ақ замандастар мен үрпақтарға
өлең жолдарын жазып қалдыруға болады. Керісінше, шумердің ежелгі
жазуы, қазір кәделейтін математикалық символдар мен музыкәлық но-
талар сияқты жазудың толық емес жүйесі болып қалды.
20. Кипуды қолына ұстап тұрган адам, Инк империясы құлағаннан кейінгі испан
қолжазбасында бейнеленген.
Сына жазуларының өлең-жыр жазуға жарамайтынына шумерлер
аса қиналған жоқ: олар жазу таңбаларын ауызша сөзді қаттау үшін
емес, ауызекі тілдің шамасы жетпейтін міндетті атқаруы үшін ойлап
тапқан еді. Кейбір мәдениеттер, соның ішінде Колумбқа дейінгі Анд
өркениеті, өзінің бүкіл тарихында шектеулі екеніне қиналмастан әрі то-
лық нұсқасын қажетсінбестен, толық емес жазу жүйесін пайдаланып
өтті. Анд жазуының шумердікінен көп жағынан айырмашылығы бары
сонша, жұрттың бәрі бірдей оны жазу деуге дауаламайды. Ең алды-
мен, ол бізге үйреншікті қыш тақташаларға немесе басқа да материал-
дарға түсірген таңбалар емес: үндістер мәліметтерді
кипу
көмегімен,
115
ЕКІНШІ БӨЛІМ
яғни түйінхат жүйесімен сақтады. Кипу дегенім із-ж үннен немесе мақ-
тадан иірілген түрлі түсті жіптердің будасы. Әр жіпке белгілі бір жерден
түйін түйіледі, осылайша, бір кипу бойында жүздеген жіп пен мыңда-
ған түйіншек болуы мүмкін. Түйіншек түріндегі таусылмастай комби-
нациялар, олардың арақашықтығы мен жіптердің түсі, мысалы, салық
пен меншікке қатысты сандық деректердің ауқымды көлемін сақтауға
мүмкіндік берді2.
Жүздеген тіпті мыңцаған жылдар бойы қалалар, патшалықтар мен
империялар өз істерін кипудің көмөгімен жүргізді3. Бұл жүйе 10-12 мил
Достарыңызбен бөлісу: |