EKIHLUI Б Ө Л І М
оқырман
қарасы өте аз болған, осыған орай өте қажет есепшіліктен
басқа ешкімнің жазуға уақыт шығындағысы келмеген. 5000 жыл өткен-
нен кейін бағзыдағы даналардың сөзін оқу үмітімен әлгі тақташаларға
үңілсек, көңіліміз кәдімгідей құлазып қалар еді. Міне, бізге аман жет-
кен жазбалардың бірі: «29086
өлшем арпа, 37 ай, Көшім» дейді. Сірә,
бұны былай түсіндіруге болатын шығар: «37 айдың ішінде 29086 қадақ
арпа түсті. Қол қоюшы: Көшім». Өкінішке қарай, бізге алғаш жеткен осы
жазбада философия да, поэзия да, өсиет те, тіпті заң баптары мен
патша жеңісі туралы хабарламалар да кезікпейді. Бүлар алым-салық
төлемін, қордаланған қарыздар мен мүлік
иелену жайын тіркеген эко-
номикалық қүжаттар ғана.
Толық емес жазу үлгісі ауызекі сөйлеу тілінің бар байлығын, мағыналық нәрін бере алмай-
ды, есесіне, ол әдетте тіл жетпейтін деректерді булжытпай сақтай алады. Математикалық
белгілер мен бағзыдағы Шумер сына бітіктері сияқты толық емес жазулар - өлең-жыр
жазуға шамасы келмейді, есесіне салықтарды тіркеп отыруға өте қолайлы.
Математикалық есептемелерден
басқа сол дәуірден бір ғана, сәл
қызықсыздау жазба: жаттығу ретінде бітікші шәкірттері әлденеше рет
көшіретін сөздер тізімі қалған. Тіпті бітікшінің шәкірті тауарлар тізбесін
көшіргеннен жалығып, өлең жазғысы келсе де
ештеңе шығара алмас
еді. Өйткені шумерлердің жазу жүйесі толық емес. Жазудың толық жү~
йесі дегеніміз - ауызекі тілдің бүкіл немесе түгелге жуық элементтерін
көрсетуге мүмкіндік беретін таңбалар жиынтығын білдіреді. Ал толық
емес жазу жүйесі адам іс-әрекетінің шектеулі саласына қатысы бар ақ-
параттың нақты түрлерін ғана беруге
жарамды көрнекі таңбалардан
қүралады. Латын әліпбиі, иероглифтері, Брайль қаріптері
- толық жазу