иероглифтік жазу үлгісін енгізді. Жазудың басқа толық жүйелері Қы- тайда шамамен б.з.д. 1200 жыл шамасында, Орталық Америкада б.з.д. 1 00 0 -5 00 жылдар шамасында дамыды. Осынау орталықтардан толық жазу жүйесі жаңа пішімге ене, әрі түрлі міндеттерге бейімделе отырып, жан-жаққа таралды. Адамдар 116
А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК ТІР У өлең-жырлар, тарихи хикаялар, романдар, пьесалар, болжамдар мен аспаздық рецептер жаза бастады. Дегенмен де хаттың басты қызмет- тік міндеті, матөматикалық деректер болып қала берді, ал бұған то- льщ емес жүйенің өзі жеткілікті еді. Еврей Інжілі, грек Иллиядасы, үнді «Махабхаратасы», будда «Трипитакасы» - бүлардың барлығы ауызөкі шығарма ретінде туындап, адамнан-адамға, ұрпақтан-ұрпаққа тарап келді. Олар тіпті жазу-сызу ойлап табылмаған күнде де дәуренін жал- ғастыра бөрер ме еді... Ал мына салық тізімі мен бүкіл құжынаған бю рократия жазу-сызумен бірге пайда болды. Сондықтан бюрократия мен толық емес жазбалар жүйесі қазіргі кезде де сиам егіздері сияқты қабыса байланысып жатыр. Жазбалар көбейе түсуіне байланысты әкімшілік мұрағаттар да ұл- ғая беріп, қосымша қиындықтар пайда болды. Адам басында сақта- латын ақпаратты іздеп табу қиын емес. Менің миымда миллиардтаған байт қордаланды, сөйте тұра, Италияның астанасын өп-сәтте атай аламын, содан соң 2011 жылғы 11 қыркүйекте не істегенімді айтып, өз үйімнен университетке дейін қай жолмен барғанымды жадымда жаң- ғыртамын. Мұндай міндеттерді ми қалай атқаратыны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Әйтсе де оның іздестіру жүйесі - машина- ның кілті қайда кеткенін еске түсіре алмай сарсаң болған кезді айтпа-