билік басына келген кезде «екінші бетін тосу» туралы өсиетті тез умы ты п кететін). Осы терт фактордың бәрі жағымды кері байланыс ұстыны бойынша бірігеді. Ядролық ақырзаман қатері п а ц и ф и с т көңіл ауанын күшейте түседі, пацифизмнің өрістеуіне орай соғыс кері шегініп, сауда-саттық гүлдейді, ал сауда ісі бейбітшіліктің кірісін және соғыстың шығынын арттырады. Уақыт өте келе осы цикл тағы бір, бәлкім, ең сенімді со- ғыстан қорғайды: халықаралық байланыстардың тығыз желісі елдер- дің көбін іс-әрекет еркіндігінен айырып, олардың өз бетінше соғыс тө- беттерін байлаудан босата салу ықтималдығын мейлінше азайтады. Мемлекеттердің көпшілігі толық тәуелсіздік иеленбегендіктен де қазір қақтығысқа килігіп, кикілжің шығара алмайды. Израильдің, Италияның, Мексиканың немесе Таиландтың азаматтары осыған қатысты әлдебір қиялға елігуі, көңілі желігуі мүмкін, бірақ олардың үкіметтері ешкімге тәуелсіз экономикалық немесе халықаралық саясатты мүлдем жүргізе алмайды. Міне, сондықтан өз бетінше, дербес түрде соғыс жариялап, ұрысқа кірісу де қолдарынан келмейді. 11-тарауда дүниежүзілік импе- рияның қалыптасуы жөнінде әңгімеледік. Бұрынғы ізбасарлары сияқты бұл империя да өз әлемінің шегінде орнайды. Шекаралары күллі Жер шарын қамтитындықтан, ол шын мәнінде әлемдік империя болады. 322
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ Ал енді қазіргі заман дегеніміз не - мән-мағынасыз қырғынның, со- ғыстар мен қанап-қинаудың кезеңі ме? Бірінші дүниежүзілік соғыстың бекіністері, Хиросима мен Нагасаки үстіне көтерілген ядролық «саңы- рауқұлақ» сұлбасы, әлде Гитлер мен Сталиннің есірік жоспарлары ма? Бұл бейбіт тұрмыс кезеңі ме, Оңтүстік Америкада ешқашан жертаса