түрде тығыз түрып жатқан аңшылар мен терімшілердің шағын тобының
мінөз-құлқын қадағалау мүмкіндігін иеленді. Үндістер де, Австралияның
аборигендері де қарулы қақтығыстарға бейім тұратынын байқатты.
Мұның өзі де «уақытша» жағдай ма, әлде Еурола империализмінің
ықпалы ма - белгісіз.
Археологиялық олжалар болса жартымсыз, түсініксіз. Соғыстан
соң арада 10 мыңдаған жылдар өтсе, қандай айғақ сақталуы мүмкін?
Ол кезде қабырға қалап, қамал салған емес, артиллериялық қару тур-
мак, қылыш пен қалқанның өзі болған жоқ. Ал сүңгі туралы айтып та
қажеті жоқ, найзаны соғыста да, аң аулауға да пайдалануы мүмкін
ғой. Тасқа айналған адам қаңқасына қарап, жорамал жасау да қиын.
Сүйөктің сыну себөбі не: шайкас па, әлде сәтсіз оқиға ма? Сынықтың
жоқтығы да марқүмның өз ажалынан қайтқанына дәлел емес: ол еті-
не түскен жарақаттан қансырап өлсе, сүйек қаңқасында ешқандай із
қалмайды ғой. Бұған қоса, индустриялық дәуірге дейін, бізге белгілісі,
адамдардың 90%-ы соғыстың емес, ашаршылық пен ауру-сырқаудың,
суықтың салдарынан қайтыс болды. Осыдан 30 мың жыл бұрын әл-
дебір тайпа көршілерін жеңіп, турақты қонысынан қуып жібергенде,
қоян-қолтық шайқаста тізе бүккен тайпаның, айталық, оншақты мүше-
сі қаза тапса, келесі жылы тағы 100 адамы ашаршылықтан, суық пен
аурудан өліп қалды. Археологтар 110 сормаңдайдың қаңқасын қазып
алып, олардың бөрі әлдеқандай табиғи апаттан қырылып қалды деп
қорытынды түйді. Табиғи апат емес, олардың түбіне соғыс жеткенін
қалай анықтаймыз?
Осынау түсінік тұрғысынан археологиялық зерттеу нәтижелеріне
зер салайық. Португалияда тура аграрлық революция карсаңындағы
кезеңге жататын 400 сүйек қаңқасын зерттеді. Олардың екеуінен ғана
зорлық-зомбылықтың ізі айқын байқалды. Израиль аумағындағы тап
Достарыңызбен бөлісу: |